«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ГРАНТТАР БЕРУГЕ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
- Конкурс туралы
Оператор «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» филиалының қолдауымен (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында «EcoBatys» әлеуметтік жобасы шеңберінде экологиялық бастамаларды іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік емес гранттар беруге Конкурс жариялайды. Бір гранттың мөлшері гранттың аумақтық қамту аймақтарының бірінде іске асыру үшін 4 000 000 (төрт миллион) теңгені құрайды.
Мемлекеттік емес гранттардың мақсаты – Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған 15 бастаманы іске асыру арқылы 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиясын ілгерілетуге жәрдемдесу.
Мемлекеттік емес гранттар беруге арналған конкурсқа тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған ҮЕҰ-ны қоспағанда, осы хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес грант беруге өтінім берген ҮЕҰ қатыса алады.
«EcoBatys» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік емес гранттар беруге конкурс өткізу туралы Ережеге сәйкес (Оператордың cisc.kz веб-сайтында қолжетімді) Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды Сараптама комиссиясы 2 кезеңде жүзеге асырады: 1) өтінімдерді қарастыру және бағалау; 2) бірінші кезеңнен өткен өтінімдерді онлайн таныстыру.
Мемлекеттік емес грант беруге Конкурс келесі тақырып бойынша жарияланады:
№ | Тақырыбы | Мақсаты | Міндеттері
(негізгі бағыттары) |
Іске асыру мерзімі | Аумақтық қамтылуы | Бөлінген қаражат көлемі
(теңге) |
Іске асырудан күтілетін нәтиже |
1. | «EcoBatys» әлеуметтік жобасы шеңберінде экологиялық бастамаларды іске асыру» | Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бастамаларды іске асыру арқылы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша Қазақстанның стратегиясын ілгерілетуге жәрдемдесу. | 1) аталған бағыттарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, көрсетілген өңірлерде экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобаларды іске асыру:
a. су ресурстарын тұрақты пайдалану; b. орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту; c. энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; d. электр энергетикасын дамыту; e. қалдықтарды басқару жүйесі; f. ауаның ластануын азайту; g. экожүйелерді сақтау және тиімді басқару; h. «жасыл экономикаға» көшу үшін кадрлық қамтамасыз ету және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және т. б. 2) гранттардың іске асырылуын әлеуметтік желілерде және БАҚ-та ақпараттық жариялау арқылы жергілікті тұрғындар, жергілікті атқарушы органдар және (немесе) бизнес-қоғамдастық арасында көрсетілген өңірлердегі экологиялық жағдай туралы хабардар болуды арттыру; 3) іске асырылатын жобаларға жергілікті халықтың әлеуетін, оның ішінде азаматтық қоғам өкілдерін және (немесе) академиялық топтарды және (немесе) жергілікті атқарушы органдарды және (немесе) қоғамдық пікір көшбасшыларын және т. б. тарту болып табылады.
|
2022 жылғы сәуір-қыркүйек. | Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары | 4 000 000 (төрт миллион) теңгеден
15 грант |
1) аумақтық қамтудың аталған өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;
2) үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық бастамаларына тартылған адамдардың, оның ішінде волонтерлер мен жастардың санын арттыру; 3) көрсетілген өңірлердегі экологиялық проблемалар туралы хабардар адамдардың санын арттыру болып табылады.
|
Жиыны | 60 000 000 |
- Оператор мынадай өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
ҮЕҰ үшін:
1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтері қамтылған;
2) тіркелген сәттен бастап кемінде 3 ай әрекет етіп келген;
3) өтінімге сай мемлекеттік емес грантты іске асыру өңірінде (Батыс Қазақстан, Атырау немесе Маңғыстау облысы) орналасқан және/немесе сонда филиалдары бар;
4) ұйымның жарғылық капиталына мемлекеттің және (немесе) мемлекеттік органдардың тікелей немесе жанама қатысуы болмаса, сондай-ақ құрылтайшылардың және қызметкерлердің арасында саяси маңызы бар тұлғалар болмаса;
5) ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында соттылық фактілері болмаса;
6) ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері және ұйымның алдыңғы шарттық міндеттемелерді жауапсыз орындау фактілері болмаса;
өтінім үшін:
1) осы Ережеде көрсетілген мемлекеттік емес гранттардың мақсаттарына, міндеттеріне, аумақтық қамтылуына, іске асыру мерзімдеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес келуі;
2) Өтінім нысанына және осы Ереженің 3.3-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды қоса отырып толық ресімделуі;
3) Операторға осы Ереженің 3.1-тармағында көрсетілген мерзімдерде енгізілуі;
4) Операторға толық және дәйекті ақпараттың ұсынылуы.
Сонымен қатар, бір ҮЕҰ-дан 1-ден (бірден) артық өтінім беруге жол берілмейді.
1 (бір) грант жобаны аумақтық қамтудың 1 (бір) өңірінде іске асыру үшін 1 (бір) үкіметтік емес ұйымға беріледі.
Мемлекеттік емес гранттар үкіметтік емес ұйымдар үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, үкіметтік емес ұйымдардың кеңселерін жалға алуға, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды көздемейді.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты және өтінімдерді жолдау қажет электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші электрондық форматта өтініш берушінің атауы мен контактілері көрсетілген қажетті құжаттарды мұрағатталған WinRar/WinZip файлында PDF форматында grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберу арқылы енгізеді.
Қажетті құжаттарды жіберген кезде Өтініш беруші толтырылған және қол қойылған өтінім нысанын және құрылтай құжаттарының көшірмелерін бірыңғай құжатта (PDF) жібереді.
НАЗАР АУДАРАМЫЗ!!!
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДАН КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2022 ЖЫЛҒЫ «14» АҚПАННАН БАСТАП «09» НАУРЫЗ КҮНІ НҰР-СҰЛТАН УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:00-ГЕ ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ. КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕЙІН ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Өтінім, оның ішінде:
1) осы Хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) осы Хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;
3) осы Хабарландыруға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын жобаның мазмұны;
4) грантты іске асыруға арналған болжамды шығыстардың сомаларын көрсете отырып, осы Хабарландыруға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру жөніндегі шығыстар сметасы;
5) осы Хабарландыруға 5-қосымшаға сәйкес ұйымның өзінің жарғылық капиталына мемлекеттің және (немесе) мемлекеттік органдардың тікелей немесе жанама қатысуы жоқ екендігі, сондай-ақ құрылтайшылар және қызметкерлер арасында саяси маңызы бар тұлғалар жоқ екендігі туралы хабарлама;
6) осы Хабарландыруға 6-қосымшаға сәйкес ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында соттылық фактілерінің жоқтығы туралы хабарлама;
7) осы Хабарландыруға 7-қосымшаға сәйкес ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің, сондай-ақ ұйымның алдыңғы шарттық міндеттемелерін жауапсыз орындау фактілерінің жоқтығы туралы хабарлама;
8) құрылтай құжаттарының көшірмелері (egov сайтынан өзекті күнге тіркелген заңды тұлға туралы анықтама, барлық өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы, құрылтай шарты (болған жағдайда), қол қоюшының жеке басын куәландыратын құжат және өтініш берушінің атынан өтінімге қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат, өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі не өтінімге өтініш берушінің атқарушы органының басшысы қол қоймаған жағдайда сенімхат).
Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын және оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Өтінімді толтыру кезінде жобаны іске асырудың басталу және аяқталу мерзімдері осы хабарландырумен айқындалғанын ескеру қажет.
- Қосымша ақпарат және кеңестер
Оператор қызметкерлері өтінімдерді қабылдаудың барлық уақыты ішінде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарласқаныңыз жөн:
Атырау облысы – Дамира Рыспаева, + 7 778 434 02 22, ryspayeva@cisc.kz
Батыс Қазақстан облысы – Салтанат Шәмшадинова, +7 701 947 11 79, Shamshadinova@cisc.kz
Маңғыстау облысы – Жасұлан Бисембиев, +7 702 316 31 36, bissembiyev@cisc.kz