Нұр-Сұлтан, «18» қазан 2021 жыл
«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР АРАСЫНДА
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ГРАНТ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысы бойынша Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
- Конкурс туралы
Оператор «Медиа дамыту қоры» КҚ қолдауымен (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) зерттеу журналистикасын дамыту бойынша жас БАҚ қызметкерлерін қолдауға бағытталған жобаны іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік емес грант беруге конкурс жариялайды.
Мемлекеттік емес гранттың мақсаты – жас журналистердің әлеуетін арттыру және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 4 шағын грант беру арқылы Қазақстандағы зерттеу журналистикасы бағытының дамуына ықпал ету.
Мемлекеттік грант беруге арналған конкурсқа тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі уақытша тоқтатылған ҮЕҰ-ны қоспағанда, осы хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес грант беруге өтінім ұсынған, ҮЕҰ дерекқорында мәліметтері бар ҮЕҰ қатыса алады.
Мемлекеттік емес грант беру үшін конкурс келесі тақырып бойынша жарияланады:
№ | Тақырыбы | Мақсаты | Міндеті
(негізгі бағыттары) |
Іске асыру мерзімі | Қамтитын аумағы | Бөлінген қаражат көлемі (теңге) |
Іске асырудан күтетін нәтиже |
1. | Зерттеу журналистикасын дамыту бойынша БАҚ жас қызметкерлеріне арналған гранттық бағдарлама | Жас журналистердің әлеуетін арттыру және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 4 шағын грант беру арқылы Қазақстандағы зерттеу журналистикасы бағытының дамуына ықпал ету | 1) Бекітілген тақырыптар бойынша зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізу үшін 21 жастан 29 жасқа дейінгі 4 журналистке 500 000 теңге мөлшерінде шағын гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссияны тарта отырып, екі кезеңдік конкурс өткізу туралы ережені әзірлеу және Грант берушімен келісу;
2) Одан әрі болашақ зерттеу жобаларын әзірлеу мақсатында 2 тақырып (зерттеу әдістемесі және деректермен жұмыс істеу) бойынша 4 оқыту тренингінен өтетін 20 жас журналистердің өтінімдерін (10 мемлекеттік тілде, 10 орыс тілінде) іріктеу бойынша конкурстың бірінші кезеңін өткізу; 3) Әзірленген болашақ зерттеу жобаларын бағалау негізінде шағын гранттар беру үшін 4 жеңімпаз-журналистті анықтау бойынша конкурстың екінші кезеңін өткізу; 4) 2 менторды тарта отырып, журналистердің зерттеулер жүргізуін қамтамасыз ету; 5) Шағын гранттардың іске асырылуын ақпараттық жария етуді, оның ішінде зерттеулер қорытындылары бойынша мақалалар сериясын шығару және БАҚ-та сөз сөйлеу, БАҚ үшін зерттеулердің аралық және қорытынды нәтижелерін таныстыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
|
қараша 2021 жыл- наурыз
2022 жыл
|
14 облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары | 7 083 760 | 1) 500 000 теңгеден 4 шағын грант беру арқылы жас журналистердің өзекті мәселелер бойынша зерттеу журналистикасы саласындағы 4 жобаны іске асыруы;
2) Жас журналистерге зерттеу журналистикасы бағыты бойынша теориялық және практикалық білім беру; 3) БАҚ қызметкерлері арасында зерттеу журналистикасының тәсілдерін дәріптеу.
|
Барлығы | 7 083 760 |
Оператор мынадай жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) Өтінім осы хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;
2) Заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
3) Операторға өтінімді уақтылы енгізбегенде, оның ішінде пошта байланысы арқылы.
Мынадай негіздердің бірі болған жағдайда конкурс грант тақырыбы бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа грант тақырыбы бойынша қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) конкурсқа қатысуға гранттың тақырыбы бойынша өтінімдердің ешқайсысы жіберілмесе;
3) сараптамалық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бірде-бірі ең жоғары қорытынды балл санының 50 (елу) пайызынан астамын жинамаса.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты. Өтінімдер жолданатын пошта мен электрондық мекенжайлар
Өтінімдерді қағаз немесе электронды нұсқада Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр д-лы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 5 қабат мекенжайы бойынша және grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберу керек.
Өтінімдер пошта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізілген кезде құжаттар тігіледі және өтініш берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолымен және мөрмен (бар болса) бекітіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2021 ЖЫЛҒЫ «18» ҚАЗАННАН БАСТАП «27» ҚАЗАНҒА ДЕЙІН НҰР-СҰЛТАН УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:00-ГЕ ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ.
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕЙІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
- Үміткер конкурсқа қатысу үшін өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
- өтінім қағаз жеткізгіште, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол, тігілген және мөрмен және бірінші басшының қолымен бекітілген болуы тиіс, сондай-ақ, міндетті түрде grants@cisc.kz электрондық поштасына электронды нұсқасы жолдануы қажет. Таңдалған грант тақырыбы, өтінім берушінің атауы мен байланыстары көрсетілген мұрағатталған WinRar, WinZip PDF және MS Word файлында ұсынылуы керек;
- электронды жеткізгіште, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол, сондай-ақ, міндетті түрде grants@cisc.kz электронды поштасына өтініштің электронды нұсқасы PDF және MS Word форматында мұрағатталған WinRar, WinZip файлында грант тақырыбы, өтініш берушінің аты мен байланыс көрсетілуі керек;
- электронды форматта, PDF және MS Word форматында мұрағатталған WinRar, WinZip файлында грант тақырыбы, өтініш берушінің аты мен байланысы көрсетіліп, grants@cisc.kz электронды поштасына жолданады.
- Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
- еркін нысандағы ұйым бланкісіндегі ілеспе хат;
- өтініш берушінің осы хабарландырумен бірге берілетін 1-қосымша бойынша толтырылған сауалнамасы;
- осы хабарландырумен бірге берілетін 2-қосымшаға өтініш берушінің әлеуеті туралы ақпарат;
- осы хабарландырумен бірге берілетін 3-қосымшада ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;
- осы хабарландырудың 4-қосымшасына сәйкес грантты іске асыруға арналған болжамды шығыстардың сомаларын, әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығыстар сметасын көрсету. Бұл ретте, мемлекеттік емес грант үкіметтік емес ұйымдар үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды көздемейді;
- құрылтай құжаттарының көшірмелері (өзекті күнге мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе egov сайтынан тіркелген заңды тұлға туралы анықтама, барлық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жарғы, құрылтай шарты (болған жағдайда), қол қоюшының жеке басын куәландыратын құжат және өтініш берушінің атынан өтінімге қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат, өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешіміне атқарушы органының басшысы қол қоймаған өтінімге жағдайда өтініш берушінің сенімхаты).
Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын және оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Бір ҮЕҰ-дан бірден (1) артық өтінім беруге болмайды.
Өтінімді толтыру кезінде жобаны іске асырудың басталу және аяқталу мерзімі осы хабарландырумен айқындалғанын ескеру қажет.
- Қосымша ақпарат пен кеңестер
Оператор қызметкерлері өтінімдерді қабылдауға берілген мерзім бойында кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін оператордың мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне 8 7172 72 96 49 телефоны бойынша хабарласу керек.