Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жарияланған күні: 01.07.2022


Екі жақты меморандум азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы ұзақ мерзімді әріптестікті орнатуды көздейді.
Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман мен «Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясы» ҚҚ директоры Александер Вольтерс өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
««Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясымен» әріптестіктің мақсаты – ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды орнату. Меморандум аясында біз өзара тәжірибе алмасып, азаматтық қоғамды дамыту саласындағы үздік халықаралық тәжірибе туралы көбірек акқпарат алуды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастық азаматтық секторымыздың, сарапшылар қауымдастығымыздың әлеуетін арттыруға септігін тигізеді деп үміттенеміз», – деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман.
Шара аясында тараптар өз ұйымдары қызметінің жоспарларымен бөлісіп, ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.
Айта кетейік, Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясы – ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы бірегей жобасы. Ол 2002 жылы Қырғызстанның бастамасы бойынша өңірлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған болатын.