Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша конкурс жарияланады (*Конкурс Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес өткізіледі. )

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ» ММ

ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

1. Конкурс туралы

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ басшысының «2025 жылға үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың бағыттарының қосымша тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «10» шілдедегі №311-НҚ бұйрығы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды.

Конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

2. Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;

12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.

3. Оператор Қағидалардың 42-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.

4. Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;

3) егер қысқа мерзімді гранттың бағыты бойынша бағалауға ұсынылған өтінімдердің бірде-біреуі конкурс сарапшыларының бағалау қорытындыларының нәтижелері бойынша ең жоғары жиынтық балл санының 50 (елу) пайызынан артық жинамаса, өтпеді деп танылады.

Гранттар бағыты бойынша конкурс өтпеді деп танылған жағдайда оператор өзінің интернет-ресурсында 2 (екі) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде конкурс туралы хабарландыруды қайта жариялайды.

5. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2025 ЖЫЛҒЫ «23» ШІЛДЕ МЕН «12» ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ КЕШІКТІРІЛІП ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

6. Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне қарай пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдер тігілуі, нөмірленуі, мөрмен бекітілуі және оларға өтініш берушінің басшысы не сенім білдірілген тұлға қол қоюы тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта, пошта байланысы арқылы немесе kdr_grants25@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдер тігілуі, нөмірленуі, мөрмен бекітілуі және оларға өтініш берушінің басшысы не сенім білдірілген тұлға қол қоюы тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

3) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта kdr_grants25@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдер тігілуі, нөмірленуі, мөрмен бекітілуі және оларға өтініш берушінің басшысы не сенім білдірілген тұлға қол қоюы тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

7. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029848#z440);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі).

8. Өтінім мемлекеттік орган бекітетін үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесі және Қағидалардың талаптары негізінде қалыптастырылады.

Ұсынылатын әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы әлеуметтік жобаны іске асыруға тікелей байланысты шығындардан және өтінімде көрсетілген жоспарланған іс-шаралардан қалыптастырылады.

9. Қосымша ақпарат және консультация алу

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта +7 (7172) 79 04 31 телефоны және kdr_grants25@cisc.kz  электрондық поштасы арқылы консультация бере алады.

10 ҮЕҰ-ға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі

2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ ресми сайтында орналастырылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/870026?lang=kk

Ескерту: Оператор өтінімдерді Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарауы бойынша қорытындыны 2025 жылғы 25 тамыздан кешіктірмей, Конкурстық комиссия хаттамасынан үзіндіні Қағидаларға сәйкес интернет-ресурста орналастырылатын болады.