Жарияланған күні: 15.02.2022
Гүлбану Жасыбаева өзі жүзеге асыратын жобаның қызықты болуын, кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік беруін, басқа адамдарға жәрдем болуын қалады.
Ол көптеген жылдар бойы Алматы облысының Достық кентіндегі мектепте бейнелеу өнері, сызу сияқты пәндердің мұғалімі болып жұмыс істеді. Алайда ата-анасы мен күйеуінің денсаулық жағдайына байланысты мұғалім мектептегі қызметінен кетуге мәжбүр болады. Осылайша ата-анасы мен балаларының күтімімен айналысқан Гүлбану Жасыбаева екі жыл бойы жұмыссыз үйде отырған болатын.
«Үйдің шаруасы көп қой. Дамуға және ақша табуға жағдай жасалмағандықтан, өсу оңай болған жоқ» – дейді Гүлбану.
Күндердің бір күнінде ол таныстарынан «Берекелі әйел» жобасы туралы ақпаратты біледі. Бұл бағдарлама аясында әйелдердің кәсіпкерлік негіздерді игеретінін білген бикеш, бірден біліктілігін арттыруды жөн санайды.
«Бірнеше ай бойы бізге бизнес-жоспарлар құруды, оларды қорғауды үйретті. Сол курстарда мен шағын гранттар байқауы туралы білдім. Мен өзімнің бағымды сынап, қатысуға бел будым», – дейді кәсіпкер.
Гүлбану бала кезінен қолөнермен айналысады. Қолөнерге деген ерекше сезім оның бойына анасы мен әжесінен дариды. Бұл қабілеті бүгін Гүлбануға пайда тигізер сүйікті кәсіпке айналған.
Кәсіпкердің айтуынша, гранттардың бірі оған өз ісін бастауға мүмкіндік берген. Гүлбану ауылдастарымен бірлесіп, төсек-орын, сүлгі, көрпе сияқты бұйымдарды тігуге кіріседі. Оның бұрынғы әріптестері, туыстары, таныстары «жас кәсіпкердің» алғашқы клиенттері атанса керек.
Бұл қаражатқа Гүлбану өндірістік машина сатып алып, ателье ашқан болатын.
Содан кейін ол Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұсынатын шағын гранттар конкурсына қатысады. Осылайша ол көрші үйді жалға алып, шағын ателье ашқан-ды. Енді мұнда Гүлбанумен бірге тағы екі ауыл тұрғыны еңбек етіп жатыр.
Кәсіпкер өз бизнес-кеңестерімен ауылдастарымен қуана бөліседі.
«Достық ауылы тұрғындарының WhatsApp-та ортақ чаты бар. Мен ауылдастарыма үнемі байқауларға қатысуға, көптеген мемлекеттік гранттарға ие болуға кеңес беремін. Қызығушылық танытқандардың барлығына өтінімді қалай дұрыс толтыру керектігін, неге назар аудару керектігін айтамын. Даму жолдарын іздеу керек, қолды қусырып отырудың жоқ», – дейді Гүлбану.
Жобаның арқасында жұмыссыз әйелдер қолөнерді игеріп, кәсіби дағдыларға ие болды. Олар сапалы өнімді шығаруды үйреніп қана қоймай, ақша табатын да мүмкіндік алды. Гүлбану өз өмірін өзгертуге тырысып, оған сенетіндердің де өмірін жақсы жаққа өзгертетініне сенімді.