Жарияланған күні: 17.05.2021
Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы тұрақтылықты қамтамасыз етуге Қазақстанның сегіз өңірінде (Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстары) ауылдық жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ҮЕҰ және бастамашыл топтардың әлеуметтік жобаларын іске асыруға арналған шағын гранттар конкурсын жариялайды, – деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Бір өңірге берілетін гранттың жалпы сомасы 1 000 000 теңге. Жобаға байланысты тиісті өңірде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 100 000 (бір жүз мың) теңгеден 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейінгі мөлшерде шағын гранттар алатын жеңімпаздар анықталады.
Өтінімдерді тапсыру -2021 жылдың 1 маусымы сағат 18.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ.уақыты) жалғасады.
Конкурстық комиссияның өтінімдерді қарауы – 2021 жылғы 2-10 маусым аралығында өтеді.
Конкурс жеңімпаздары туралы 2021 жылғы 11 маусымда хабарланады.
Жобаны іске асыру мерзімі: грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 2021 жылғы 31 қазанға дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді мына электрондық поштаға беруге болады: camokz.05@gmail.com.
Хат тақырыбында “ЖӨБ бойынша әлеуметтік жобалар конкурсы” деп жазылуы тиіс.
Конкурс ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен “Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” гранттық жобасы шеңберінде өткізіледі.
Байланыс ақпараты: Тел.: +7 (729) 230-37-83, +7 (729) 230-37-84, gamo_aktau@mail.ru, camokz.05@gmail.com.
Конкурс туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыздар: https://clck.ru/UrGnE.