Жарияланған күні: 20.08.2021
Ауылдағы азаматтық бастамалар қалай жүзеге асырылуда
“Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” жобасын іске асыру аясында Қызылорда облысында мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру және өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығы арттыруға арналған жобаларды іске асыру басталды.
Бұл өңірдегі тоғыз жобаның екеуі, шағын гранттар байқауының жеңімпаздары. Олар ауылда бастамаларды іске асыруға және дамытуға 500 мың теңге алды. Сараптама комиссиясы 433 өтінімнің ішінен конкурс шарттарына сай келетін үздік 60 жобаны іріктеп алды.
Қазалы ауданы Әйтеке би ауылындағы “Шапағат” ҚБ осы ұйымда тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларды сенсорлық интеграциялауды ұсынды. Олармен тәулік бойы үш топ жұмыс істейді, ЕДШ мамандары, невропатолог, психолог, дефектолог және логопед. ҮЕҰ басшысы Шынаркөл Женсикбаеваның айтуынша, конкурста жеңіп алған 500 мың теңге сенсорлық жабдықты сатып алуға жұмсалды:
“Біз 90 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз – бұл 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары”.
Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында тұратын бастамашыл топтың белсендісі Жанарыс Түбекбаев ауыл жастарының қаржылық сауаттылығы туралы ой қозғады. Ол гранттық қаражатты бейне сабақтарды түсіру және оларды www.kbh-finance.kz сайтында орнату жұмыстарын әзірлеуге жұмсаймыз деп шешті. Ол барлық атқарылатын шараларды ойластыра отырып, ауылдық жерлерден келген 600 бала мен жасөспірімді қамтуға дайын екенін жеткізді.
“Жобаның барлық қатысушылары қорытынды сауалнама мен тестілеуден өтеді. Үздік көрсеткіштері бар оқушылар инвестициялық сауаттылықты одан әрі дамытуға мүмкіндік алады”, – дейді ол.
Сонымен қатар, Жанарыс Тубекбаевтың жоспарында ауылдағы әлеуметтік осал топтарына жататын адамдардың өз бос уақытын ұтымды пайдалануға үйрету; отбасылық өмірдің экономикалық моделін құруға дайындау; оларды алаяқтар мен құмар ойындардың әсерінен қорғау мәселелері де бар.
Айта кетейік, “Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” республикалық жобаны Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асыруда.