Атыраулық қоғам белсенділеріне ҮЕҰ-ны қаржыландырудың жаңа тетіктері түсіндірілді

Жарияланған күні: 13.12.2022


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы өңірлердегі ҮЕҰ-ның өкілдерімен кездесу шараларын жалғастыруда.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Ғалым Құрман Атырау және Құлсары қалаларында үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың және жастар ресурстық орталықтарының өкілдерімен кездесті. Іс-шаралар барысында қоғам белсенділеріне мемлекеттік гранттық қаржыландырудың жаңа механизмдері түсіндірілді.
«Бұл кездесулерді біз жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге тартылған ауылдық ҮЕҰ-ның әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырып келеміз. Атап айтқанда, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау тәртібі туралы толыққанды ақпарат бердік», – дейді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Ғалым Құрман.

Кездесу соңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өз сұрақтарына жауап алып, гранттық қаржыландыру жүйесін жақсартуға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.

ҮЕҰ-ға арналған гранттарды ұсынудың жаңа тетіктерін түсіндіруге бағытталған келесі кездесулер 14 желтоқсанда Сәтбаев қаласында және 15 желтоқсанда Жезқазған қаласында өтпек.