«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КеАҚ «АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ ҚАЙТА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
- Конкурс туралы
Оператор «Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге қайта конкурс жариялайды.
Конкурс Азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс мынадай басым бағыт бойынша жарияланады:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Грант түрі | Нысаналы индикатор |
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Атырау қаласындағы NEET санатындағы жастарды азайту | 2023 жылғы мәлімет бойынша Атырау қаласында біліммен және жұмыспен қамтылмаған NEET санатындағы 5000-нан астам жас бар.
Жас қазақстандықтар арасында әлі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Жұмысқа орналасудағы қиындықтардан басқа, жастар еңбек нарығының талаптарына бейімделу қажеттілігіне тап болады.
Осыған орай, Атырау қаласындағы NEET санатындағы жастардың санын азайту мақсатында ақпараттық-түсіндірме, оқыту шараларын өткізу қажет. |
4 000 000 тг. | 1 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
1) Атырау қаласындағы NEET санатындағы жастардың кемінде 10%-ын жобамен қамту;
Күтілетін нәтиже: 1. Атырау қаласындағы NEET санатындағы кемінде 200 жастың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша әртүрлі форматтағы іс-шаралар (семинар, тренинг, курс және т.б.) өткізу (оқытуды кемінде 5 түрлі бағытта (мобилография, аспаз (кондитер, пісіру), сұлулық салонының шебері (маникюр, шаштараз, визажист, кірпік өсіру және т.б.), графикалық дизайнер (сайтпен әлеуметтік желімен жұмыс, сайттар жасау және т.б.), қолөнер (тігу, тоқу және т.б.)), іс-шараның бағыты мен форматына байланысты әр шараның қатысушылар саны 50 адамнан аспауы тиіс);
2.Жоба аясындағы барлық қатысушыларын (кемінде 200 адам) soft-skills және маркетинг (SMM, таргет және т.б), сондай-ақ жұмысқа (түйіндеме әзірлеу, сұхбатқа дайындау және т.б.) орналастырудың базалық дағдыларына қосымша оқыту;
3. Кемінде 10 жоғары және арнаулы орта оқу орнын қамти отырып, жастардың NEET санатына қосылу тәуекелін қысқарту мақсатында болашақ түлектерге ақпараттық, кеңес беру шараларын өткізу (мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру, құқықтық,психологиялық көмек, кәсіби бағдарлау,т. б.)(әр оқу орынында кемінде 20 студентпен қамтамасыз ету);
4. Ірі және орта кәсіпорындары қатысуымен жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру (жастардың жәрмеңкеге деген қызығушылығын арттыру үшін іс-шара ұйымдастыру, кемінде 200 қатысушымен қамтамасыз ету (NEET санатындағы жастар); кемінде 20 ірі және орта кәсіпорындар қатысуын қамтамасыз ету; жәрмеңке өткізілетін орынды қала орталығына аумақтық жақын орналасуын ұйымдастыру);
5.Әрбір іс-шараны өткізуі туралы жергілікті әлеуметтік желілерде жарықтандыру (кемінде 50 мың тіркелушісі бар топтарда);
6.Оқыту іс-шараның барлық қатысушыларын сертификат және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. |
2 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Атырау қаласында отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты жүзеге асыру | Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында Отбасы институтындағы басты проблемалар ретінде Отбасын жоспарлаудың болмауы, ата-ана болуға саналы түрде қарамау, әкелердің тәрбие беру процесіне жеткілікті қатыспауы, ажырасулардың өсу үрдісі көрсетілген.
Ресми статистикаға сәйкес Атырау қаласында 2023 жылы 3092 неке тіркеліп, 1214 отбасы ажырасты. Осыған орай, жас отбасыларға арналған отбасылық өмірге бейімдеу шараларын өткізу керек. Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап елімізде «Әкелер күні, Аналар күні» мерекелері бекітіліп, ресми тойлануда. Отбасының оң имиджін қалыптастыру бағытында шаралар өткізу қажет. Сонымен қатар, тұжырымдамаға сәйкес, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында әйелдердің саяси мүмкіндіктерін кеңейтуге және әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған шаралар өткізу қажет. |
5 000 000 тг. | 1
қысқа мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Отбасы институтын және гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі шаралар ұйымдастыру (тікелей қамту – кемінде 500 адам).
Күтілетін нәтиже: 1.Қазақстандық отбасы күніне орай, «Отбасы апталығы» іс-шаралар кешенін ұйымдастыру – әр түрлі форматта кемінде 5 шара (жаңа туған нәрестелерді құттықтау, неке қиюшыларды салтанатты марапаттау, мерейлі жыл толған отбасыларды марапаттау, жастар арасында байқау, мерекелік шара) әр шараны кемінде 100 адаммен қамтамасыз ету, қыркүйектің екінші жексенбісі;
2. Жас отбасыларға арналған отбасылық өмірге бейімдеу, саналы ата-ана қалыптастыру бағытында тренинг өткізу – қатысушылар саны: кемінде 20 отбасы, оқу ұзақтығы: 24 сағат, тренерлер саны: 2 (кемінде 1-уі Республикалық деңгейдегі өз саласында танымал тренер болу қажет);
3. Саналы түрде әке болу институтын қолдау және дамыту жөнінде шаралар өткізу, белсенді әкелер клубын құру – кемінде 2 шара, клуб қатысушылары саны – кемінде 20 адам.
4. Әйелдер көшбасшылығын дамыту бағытында шаралар (оқыту, байқау және т.б.) өткізу, белсенді жас қыздардың (жас мамандар, студенттер, кәсіпкерлер және т.б.) тізімін жасақтау – кемінде 2 шара;
5. Көпбалалы, жалғызбасты және т.б. әлеуметтік топтағы азаматшаларға арналған іс-шаралар кешенін (оқыту, акция және т.б.) ұйымдастыру – кемінде 2 шара;
6.Әрбір іс-шараны өткізуі туралы жергілікті әлеуметтік желілерде жарықтандыру (кемінде 50 мың тіркелушісі бар топтарда);
7.Шараның қатысушыларын ақшалай марапаттау немесе бағалы сыйлықпен қамтамасыз ету;
8.Оқыту іс-шараның барлық қатысушыларын сертификат және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. |
3 | Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту | Қала тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру және этносаралық, конфессияаралық қатынасты нығайту | Тұрғындар мен жастардың діни тұрғыдан сауаттылықтары төмен, сол себепті дәстүрлі емес діни ағымдарға еру мәселесі әлі де өзекті, сондай-ақ, этностар мен конфессиялар арасында қақтығыстар орын алуда. Этносаралық келісімді қамтамасыз ету, қазақстандық біргейлікті қалыптастыру мақсатында шаралар өткізу қажет. | 3 000 000 тг. | 1 Қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Жоба аясында әртүрлі шаралармен кемінде 200 қала тұрғындарын қамту.
Күтілетін нәтиже: 1.Әр түрлі ұлт өкілдері арасында ұлттық ойындардан (садақ ату, тоғызқұмалақ, асық және т.б.) байқау ұйымдастыру – кемінде 10 топтың (100 адам) қатысуын қамтамасыз ету;
2. Жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында жоғары және арнаулы оқу орны студенттері арасында пікірталас, интеллектуалдық ойындар және т.б форматта байқаулар өткізу – кемінде 2 шара, әр шарада кемінде 50 адамның қатысуын қамтамасыз ету;
3. Діни және этномәдени бірлестіктер арасында футболдан ашық турнир ұйымдастыру – кемінде 8 топ, әр топта кемінде 10 адам қатысуын қамтамасыз ету.
4.Әрбір іс-шараны өткізуі туралы жергілікті әлеуметтік желілерде жарықтандыру (кемінде 50 мың тіркелушісі бар топтарда);
5.Шараның қатысушыларын (интеллектуалды ойындар, байқаулар және т.б.) ақшалай марапаттау немесе бағалы сыйлықпен қамтамасыз ету;
|
Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;
12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Қағидалардың 39-тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;
8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;
11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.
- Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «5» ШІЛДЕ МЕН «26» ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне қарай пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі
1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта, пошта байланысы арқылы немесе ovp.atyrau@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
3) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта ovp.atyrau@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029848#z440);
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).
3) өтінімінің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» жолын толтырған жағдайда – серіктестердің хаттары, «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» жолын толтырған жағдайда – көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Шетелдік көздер есебінен әлеуметтік жобалар іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – шарттардың және әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Конкурстық комиссияны іріктеу үдерісімен және қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласу керек:
1) өтінім беру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79-04-31;
2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы Презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 71, 79 08 03, 79 08 07;
3) «Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 28;
4) ovp.atyrau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.
- ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі
Конкурс «Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «16» мамырдағы № 27 бұйрығы шеңберінде өтеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ ресми сайтында орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/documents/1?lang=ru