«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КеАҚ
«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ
ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
- Конкурс туралы
Оператор «Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды.
Конкурс Азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
№ р/с | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Грант түрі | Нысаналы индикатор | |||||
1. | Мәдениет пен өнерді дамыту | Республикаға танымал айтыскер ақындардың шеберлік сағаттары | Айтыс өнерін насихаттау. Республикаға танымал айтыскер ақындарды өңірге шақыра отырып, Атырау облысындағы жас талантты ақындардың талабын ояту, жаңа қызығушылығын арттыру және ұлттық өнерді насихаттау | 10 000 000 теңге | 1 қысқа
мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Шеберлік сағаттарына қатысқан Атырау облысының жас ақындардың саны 30 дан кем емес.
Күтілетін нәтиже: 1. Республикаға танымал 3 айтыскер ақын және республикалық айтыстардан жүлделі орындар алып жүрген Атырау облысының 2 ақыны жас ақындарға 5 шеберлік сағатын өткізеді. 2. Әлеуметтік желілерде тарата отырып, мастер класстардан өткен жас ақындардың шығармашылығын насихаттайтын бейнероликтер жасау (ақпараттық қамту кемінде 5 000 қаралым); 3. Айтыскерлердің басшылығымен Атырау облысының өскелең жас ақындар өздерінің жеке шығармаларын жасаумен және орындаумен жұмыс істей алатын бірлескен шығармашылық сессиялар өткізу (кемінде 50 қатысушы); 4. Атырау облысында жас айтыскер ақындардың қатарын 10% -ға нығайту және кеңейту. |
|||||
2. | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Сарайшық-бабалар мұрасы» мүсіншілер мен график суретшілердің симпозиумы | Қазақ мемлекетінің тұңғыш астанасы болған – Сарайшық туралы тарихи деректерді мүсіншілер мен график суретшілерінің шебер бейнелеуі. Сарайшық қалашығының бұрынғы кескін-келбетін өскелең ұрпаққа насихаттау. | 10 000 000 теңге | 1 қысқа
мерзімді грант |
Нысаналы индикаторлар:
Атырау облысының кемінде 50 мүсіншісі мен графикалық суретшісін мәдени мұраны дамыту және ілгерілету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жолымен қамту
Күтілетін нәтиже: 1. Сарайшық бабаларында кемінде 50 мүсінші мен графикалық суретшілердің қатысуымен пленер ұйымдастыру; 2. Өз жұмыстарын таныстырып, қатысушылармен тәжірибе бөлісетін белгілі мүсіншілер мен графикалық суретшілердің қатысуымен шеберлік сыныптары, семинарлар (2 шеберлік сыныбы) өткізу (іс-шараны 120 адамнан кем емес тікелей қамту); 3. Қатысушылар тәжірибе және идеялармен алмасу, сондай-ақ өнерді ілгерілету және «Сарайшық-бабалар мұрасы» мәдени мұрасын сақтау үшін бірлескен іс-қимыл стратегиясын жасау мүмкіндігіне ие болатын екі күндік симпозиум ұйымдастыру (іс-шараны 80 адамнан кем емес тікелей қамту); 4. Өткізілген планерлер, шеберлік сыныптары мен симпозиум қорытындысы бойынша Атырау облысында мүсіншілер мен графикалық суретшілердің жаңа жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады (кемінде 50 жұмыс және 80 адамнан кем емес тікелей қамту). |
|||||
3. | Мәдениет пен өнерді дамыту | Ф. Оңғарсынованың 85 жылдығына орай, «Фаризаның ақын сіңлілері» атты қазақ ақын қыздардың поэзия кеші | 2024 жылы Қазақстанның Халық Жазушысы, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толады. «Фаризаның ақын сіңлілері» атты поэзия кешінде Фариза ақынның елімізге танымал ақын шәкірттерінің жаңа туындылары орындалады. | 9 400 000 теңге | 1 қысқа
мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Жобаға республикаға танымал 8 ақын қыз қатысып, Ф.Оңғарсыноваға арналған 2 жаңа өлеңін оқиды. 16 жаңа өлең жарық көреді. Жоба шеңберінде әлеуметтік желілерде әдеби туындыларды тарату бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу (ақпараттық қамту кемінде 11 000 көру).
Күтілетін нәтиже: 1. Фариза Оңғарсынованың жырларын, шығармашылық ғұмырын насихаттап жүрген елімізге белгілі 8 ақын қыз атыраулық жас қаламгерлермен кездесіп, шеберлік сыныптарын өткізеді (іс-шарада кемінде 50 қатысушыны қамту); 2. Қазақтың белгілі ақын қыздары қатысқан поэзия кеші өткізіліп, кеште ақындар Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін және ақынға арналған өлеңдерін оқиды. Жергілікті өнерпаздар ақын сөзіне жазылған әндерді орындайды (ақпараттық қамту кемінде 10 000 қаралым, қатысушылар саны кемінде 300 адам).
|
|||||
4. | Мәдениет пен өнерді дамыту | Жергілікті суретшілердің майлы бояу мен қолөнерден шеберлік сағаттары | Ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы, аса құнды саласы- қазақ қолөнерін дамыту, оқушыларды қолөнерге баулу арқылы шеберлікке үйрету.
Жас суретшілерге майлы бояумен сурет салу техникасын меңгерту |
3 424 000 теңге | 1 қысқа
мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
Жобаны іске асыру шеңберінде ақпараттық қамту кемінде 5 000 мың қаралымды құрайды
Күтілетін нәтиже: 1. Атырау облысының оқушыларына (10-15 жас) қолдан жасалған бұйымдарды жасау дағдыларын және майлы бояумен сурет салу техникасын меңгеру мақсатында қолданбалы өнер сарапшыларының қатысуымен мастер класстар ұйымдастыру (қатысушылар саны кемінде 100 адам); 2. Шеберлік сыныптарынан өткен қатысушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру (шеберлік сыныптарынан өткен қатысушылардың кемінде 30 жұмысы); 3. Жоба шеңберінде шеберлік сыныптарына қатысушылардың (10-15 жастағы оқушылар) кемінде 5 жұмысын республикалық конкурстарға жіберу |
|||||
5. | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Атадан туған аруақ ер» атты поэтикалық жобасы | Атырау өңірінің жазба поэзиясын дамыту. Жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру | 11 076 000 теңге | 1 қысқа
мерзімді грант |
Нысаналы индикатор:
«Атадан туған аруақ ер» атты поэтикалық кеш бағытында 10 шара ұйымдастырылады. (Іс-шараға кемінде 1 000 адам қамту).
Күтілетін нәтиже: 1. Түрлі тақырыптағы (махаббат, табиғат, отан, тарих және т.б.) 3 іс-шараға жанрдың белгілі өкілдерін шақыра отырып, «тақырыптық кеш» форматында ұйымдастыру (іс-шарада кемінде 100 қатысушы); 2. Жас ақындар үшін жанр сарапшыларының қатысуымен өлеңдер жазу, дауыстап оқу және поэзияны түсіндіру техникасы бойынша 4 мастер класс/воркшоп өткізу (іс-шарада кемінде 140 қатысушы); 3. Аталған тақырып бойынша 3 пікірталас кездесуін өткізу, онда жаңа бастаған ақындар мен белгілі шығармашылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа бастаған ақындарға тәлім бере алады (іс-шарада кемінде 80 қатысушы); 4. Қазақ поэзиясы мен әдебиетке байланысты мәдени мұра, дәстүрлер мен тарих туралы ақпаратты таратуға бағытталған подкаст (instagram және Tiktok әлеуметтік желілеріне подкастты қысқа роликтер форматында жариалап you-tube әлеуметтік желісінде толық жариалау) түсіріп әлеуметтік желілерде тарату (ақпараттық қамту кемінде 10 000 қаралым); 5. Жобаның барлық аспектілерін біріктіретін және үздік қатысушылардың өнер көрсетуі үшін алаң ұсынатын поэзия фестивалінің қорытынды іс-шарасын өткізу (іс шарада кемінде 50 қатысушы). |
|||||
6. | Мәдениет пен өнерді дамыту | «Бұлақ көрсең -көзін аш» айтыс ақындары мен эпостық жырларды орындаудан метеп оқушылары мен жастар арасында сайыс | Оқушылар мен жастар арасында ұмытылып бара жатқан эпостық жырлар жанрын жаңғыруту. Айтыс өнеріне ынталы оқушылардың бойына эпостық жырларды сіңіру.
Қазақ ауыз әдебиетін дамыту. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын эпостық жырлар арқылы насихаттау. Бұл жобаның ең басты мақсаты- ауылдық елдімекендердегі танылмай жатқан талантты жастарды іздеп табу |
6 000 000 теңге | 1 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Жоба шеңберінде Атырау облысында тікелей қамтылған оқушылар саны 200-ден кем емес
Күтілетін нәтиже: 1. Мүдделі оқушылар мен жастар үшін айтыс ақындары мен эпикалық әндерді орындау бойынша 4 мастер класс және оқыту сессияларын ұйымдастыру (іс-шарада кемінде 200 қатысушы); 2. «Бұлақ көрсең – өзін аш» іріктеу конкурсын бейне форматта (қатысушылар айтыс және эпостық жыр өнеріндегі өз талантарын көрсететін роликтерді арнайы поштаға жібереді) мектеп және жастар бірлестіктері деңгейінде жарыстың негізгі кезеңіне қатысушыларды анықтау үшін форматта өткізу (негізгі іріктеуге өтінімдердің саны кемінде 100 қатысушы); 3. Қазылар алқасы мен көрермендер алдында айтыс ақындары мен эпос жырларын орындайтын бірінші іріктеу кезеңінен өткен оқушылар үшін «Бұлақ көрсең – көзін аш» конкурсын өткізу (негізгі конкурсқа өткен кемінде 20 қатысушы, жүлде қоры: 1 орын – 250 000 теңге; 2 орын – 180 000 теңге; 3 орын – 120 000 теңге.); 4. Сахнада өнер көрсету, дайындау және жеңімпаздарды сұхбат жүргізу кадрларымен сәтті кейстердің ролигін жасау (ақпараттық қамту кемінде 5 000 қаралым); 5. Қазақ халқы үшiн айтыстың және эпостық жырлардың мәдени және әлеуметтiк маңызын, оның дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау мен берудегi рөлiн түсiндiретiн 1 бейнеролик жасау (ақпараттық қамту кемінде 5 000 қаралым). |
|||||
2024 жылға БАРЛЫҒЫ | 49 900 000 теңге | ||||||||||
Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;
12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Қағидалардың 39-тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;
8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;
11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.
- Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «02» ШІЛДЕ МЕН «23» ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне қарай пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі
1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта, пошта байланысы арқылы немесе ukrya-atyrau.obl@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
3) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта ukrya-atyrau.obl@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029848#z440);
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).
3) өтінімінің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» жолын толтырған жағдайда – серіктестердің хаттары, «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» жолын толтырған жағдайда – көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Шетелдік көздер есебінен әлеуметтік жобалар іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – шарттардың және әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Конкурстық комиссияны іріктеу үдерісімен және қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласу керек:
1) өтінім беру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79-04-31;
2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы Презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 71, 79 08 03, 79 08 07;
3) «Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 28;
4) ukrya-atyrau.obl@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.
- ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі
Конкурс «Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» ММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «26» маусымдағы № 06-01-16-05-26/44 бұйрығы шеңберінде өтеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/documents/details/682673?lang=kk