Астанадағы АҚШ Елшілігі ҮЕҰ-ға арналған гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсты жариялады

Жарияланған күні: 24.05.2023


Астана қаласындағы АҚШ Мемлекеттік департаменті журналистерге құқықтық қолдау мен көмек көрсету, сондай-ақ БАҚ мамандары үшін құқықтану саласында оқыту арқылы Қазақстанның медиа ортасын нығайтуға бағытталған жобаны іске асыру үшін ашық конкурс жариялайды.

 

Жоба журналистерге, БАҚ саласындағы мамандарға, заң факультеттерінің студенттеріне және заңтану саласындағы практиктерге, сондай-ақ бүкіл ел бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бағытталуы, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі тренингтер мен қызметтерді қамтуы тиіс.

 

Ұсынылатын жобалар гранттық конкурс шарттарымен белгіленген міндеттерге сәйкес келуі және оларды шешуге бағытталуы қажет.

 

1-2 жобаны қаржыландыру күтілуде (сомаға байланысты), ал жобаларға арналған гранттың жалпы сомасы 101,000 АҚШ долларын құрайды. Жобалар 12 ай немесе одан аз уақыт ішінде іске асырылуы және 2023 жылдың қыркүйегінде алдын ала басталуы керек.

 

Конкурс шарттары:

 

Конкурсқа қатысуға өтінім беруге құқығы бар:

  • Коммерциялық емес ұйымдар, коммерциялық ұйымдар, азаматтық қоғам ұйымдары/үкіметтік емес ұйымдар, талдау орталықтары, мемлекеттік және жеке білім беру мекемелері

 

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы 15 маусым

 

Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://kz.usembassy.gov/ru/notice-of-funding-opportunity-nofo/