Жарияланған күні: 01.06.2021
“Atamnyn Amanaty” Қоғамдық бірлестігінің ардагерлер ұйымдарының бастамаларын қолдауға арналған шағын гранттар конкурсының жеңімпаздары анықталып, әрқайсысына бір миллион теңгеден берілді.
Шағын гранттар конкурсы ардагерлер ұйымдарының бастамаларына жәрдемдеуге және қолдау көрсетуге, әлеуметтік жобаларды іске асыру және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу арқылы олардың әлеуметтік саладағы жұмыс дағдыларын арттыруға бағытталған.
Байқау шарттарына сәйкес жеңімпаздар анықталды:
-Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласында “Ардагерлер ұйымы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің астана қалалық филиалының өкілдері ұйымдастырды.
– Іс-шараларды “Қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілерінің отбасы мүшелері қоры” қоғамдық қоры еліміздің 14 облысы мен Республикалық маңызы бар 2 қалада (Алматы қ., Шымкент қ.) өткізеді.
Әрбір өңірде студенттер мен мектеп оқушыларын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ардагерлерді құрметтеу жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
“Қазір шағын гранттар байқауының жеңімпаздарымен келісімге қол қою процесі жүріп жатыр. Кестеге сәйкес келісім – шарттар жасалғаннан кейін ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін өңірлерде іс-шаралар өткізіледі”, – деп хабарлайды “Atamnyn Amanaty”қоғамдық бірлестігі.
Естеріңізге сала кетейік, “Ардагерлер ұйымдарының бастамаларын қолдау” жобасын іске асыру ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.