БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ Басқармасы Төрағасының м.а.
__________________ Балтаев Г.Т.
« » сәуір 2025 жыл
Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға
және «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының
2025 жылғы «27» ақпандағы №38 бұйрығымен бекітілген
Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкестікке
өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2025 жылғы 04 наурызда жариялаған «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2025 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 11 ҮЕҰ-дан 16 өтінім келіп түсті Оның ішінде 6 өтінім мемлекеттік тілде және 10 өтінім орыс тілінде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 28 наурызда сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;
5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;
6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;
7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
1 | Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту | Ақтөбе облысында қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту | қысқа мерзімді | «Basqary» қоғамдық қоры |
2 | «Келіссөздер академиясы» қоғамдық бірлестігі | |||
3 | «Ұлттық тұтынушылар палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігі | |||
4 | «Ана мектебі» қоғамдық қоры | |||
5 | «Алтын өркен» бейбітшілік және келісім қоры» қоғамдық қоры | |||
6 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Отбасылық құндылықтарын насихаттауға, гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу | қысқа мерзімді | «ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі |
7 | «Алтын өркен» бейбітшілік және келісім қоры» қоғамдық қоры | |||
8 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі |
9 | Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту | қысқа мерзімді | «Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ | |
10 | «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі | |||
11 | «ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі |
2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
1 | Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту | Ақтөбе облысында қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту | қысқа мерзімді | Ақтөбе қаласындағы «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы | Өтінім Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді |
2 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Отбасылық құндылықтарын насихаттауға, гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу | қысқа мерзімді | «Together for the Future» қоғамдық қоры | ҮЕҰ дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер жоқ |
3 | «Эрудитті экипаж» қоғамдық қоры | ҮЕҰ дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер жоқ және өтінім Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді | |||
4 | Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Together for the Future» қоғамдық қоры | ҮЕҰ дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер жоқ |
5 | Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту | қысқа мерзімді | «Together for the Future» қоғамдық қоры | ҮЕҰ дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер жоқ |