Жарияланған күні: 28.05.2021
Бүгін, 28 мамырда Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы мен өңірдің ҮЕҰ өкілдерімен гранттық қаржыландыру арқылы азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша онлайн-кеңесі өтті.
Іс-шараға «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Басқарма төрағасының орынбасары Баян Әбенова, өңірдің Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жақсат Төлегенов, “Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы” ЗТБ төрайымы Дүйсенова Айгүл және т. б. қатысты.
Аталған іс-шара барысында мемлекеттік гранттық қаржыландыру арқылы өңірлік жобаларды іске асыру, орталықтың өңірлермен ынтымақтастық тетіктері, жергілікті жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Б.Әбенова өз сөзінде орталықтың республикалық әлеуметтік жобаларды табысты іске асыру жөніндегі тәжірибесіне назар аударды.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға қаржы құралдарын ұсынудың тетіктері мен нақты алгоритмі, жобаларды қалыптастыру процесі, конкурс өткізу рәсімдері, жобаларды мониторингтеу және бағалау, өңірлік белгілері бойынша қоғамдық ұйымдардың қатысу қағидалары және Орталықтың қызметі туралы ақпарат ұсынылды.
А.Дүйсенова өз сөзінде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алдындағы мемлекеттік гранттық қаржыландырудың тиімділігін атап өтті.