Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Ақтау қалалық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бұйрығымен бекітілген үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАМА
2024 жылғы 15 ақпанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 9 ҮЕҰ-дан 10 өтінім түсті, оның 8-і мемлекеттік тілде және 2-уі орыс тілінде.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 06 наурызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;
5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;
6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;
7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
1 | Қоршаған ортаны қорғау | Ақтау қаласы тұрғындарының жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал ету | қысқа мерзімді | «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі |
2 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Отбасы институтын нығайту | қысқа мерзімді | «Саламатты ел» қоғамдық қоры |
3 | «Бала жолы» қоғамдық қоры | |||
4 | «Әсер» қоғамдық бірлестігі | |||
5 | Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын заңды мүдделерін қорғау | Халықтың қаржылық, құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру | қысқа мерзімді | «Саламатты ел» қоғамдық қоры |
6 | «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры | |||
7 | «Риза-ана» қоғамдық қоры | |||
8 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ақтау қаласының жастары мен жасөспірімдеріне әскери-патриоттық тәрбие беру | қысқа мерзімді | «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қоры |
9 | Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің «Жауынгерлік бауырластық» Ақтау қалалық қоғамдық бірлестігі |
- төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ақтау қаласының жастары мен жасөспірімдеріне әскери-патриоттық тәрбие беруді қамтамасыз ету | қысқа мерзімді | «Маңғыстау облысы бойынша Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігі | Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында жоқ |