Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен гранттарға конкурс жарияланады

Жарияланған күні: 14.02.2024


Бірыңғай грант операторы мемлекеттік гранттарды алуға үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер қабылдауды бастайды. Конкурсқа тапсырыс беруші – Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі.

Байқауға қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау бағыттары бойынша жобаларын ұсына алады. Келесі басым бағыттар қарастырылады:

  • Ақтау қаласының тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру;
  • отбасы институтын нығайту;
  • халықтың қаржылық, құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру;
  • Ақтау қаласының жастары мен жасөспірімдерін әскери-патриоттық тәрбиелеу.

Барлығы жалпы сомасы 39 500 млн теңге болатын 4 қысқа мерзімді грант беріледі.  

Оператор өтінімдерді 15 жұмыс күні ішінде 15 ақпан мен 6 наурыз аралығында (Астана уақыты бойынша) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды.

Конкурстық өтінімдер электрондық пошта арқылы uvp.aktau@cisc.kz, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті.

* Құрметті ҮЕҰ өкілдері, конкурс шарттарымен, қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ басым бағыттар тізімімен мұқият танысуларыңызды сұраймыз! Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты мына жерден, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады: +7705 247 47 22, +7 7172 79-08-03