АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігі үш жалпыұлттық бағдарламаны жүзеге асыру үшін бірнеше серіктес іздейді.

Жарияланған күні: 30.06.2021


АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің қоғаммен байланыс бөлімі (PAS) үш жалпыұлттық бағдарламаны жүзеге асыру үшін бірнеше серіктес іздейді.

“Америкалық бұрыштар” бағдарламасы кәсіпкерлік саласындағы біліктілікті арттыруға, ағылшын тілінде жазу дағдысын күшейтуге және Қазақстан бойынша ғылымның, технологияның, инженерия мен математиканың (STEM) дамуына жәрдемдесуге арналған.

Қаржыландырудың ең жоғары көлемі 30 500 АҚШ доллары.

Конкурс шарттары: Өтінімдер коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдардан, талдау орталықтарынан, мемлекеттік және жеке білім беру мекемелерінен, жеке тұлғалардан қабылданады.

Өтінім беру мерзімі: 2021 жылғы 20 шілдеге дейін.

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:

https://www.grants.gov/web/grants/view-opportunity.html?oppId=334091