Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдарына ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру тетігі түсіндірілді

Жарияланған күні: 31.07.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Арман Рахимжанов Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен кездесті деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Көкшетау мен Петропавл қалаларында бірыңғай гранттық оператор тетігі арқылы үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды ұсыну мүмкіндігін қарастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесулер өтті. Шараларға ішкі саясат, экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім, қаржы, тілдер мәдениеті басқармаларының, сондай-ақ өңірлердің бірқатар аудандық бөлімдерінің өкілдері қатысты.


Іс-шара барысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Арман Рахимжанов пен Орталықтың даму және ынтымақтастық департаментінің директоры Айгерім Кәрімова кездесулерге қатысушыларға гранттық оператор қызметінің негізгі бағыттары, грант алушыларды қаржыландыру рәсімдері мен тәртібі туралы айтып берді.


“Биыл ҮЕҰ-ға гранттық оператор тетігі арқылы өз гранттарын Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Жетісу облыстарының 10 жергілікті атқарушы органы бөлді. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдардың ҮЕҰ-ны біздің механизм арқылы қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 2,5 есеге ұлғайды.
АБҚО механизмі жобаларды барынша нәтижелі әрі ашық орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сіздер азаматтық сектормен тиімді өзара іс – қимыл жасау үшін бізбен ынтымақтасуға қызығушылық танытасыздар деп үміттенемін», – деді Арман Рахимжанов.

Айта кетйік, кездесулер ҮЕҰ-ға гранттарды жергілікті бюджеттерден 2024 жылы ұсыну мүмкіндігін қарастыру үшін ұйымдастырылған болатын.