Алматылық еріктілер: бұл күндері әрбір тұрғынды қолдағанымыз жөн

Жарияланған күні: 11.01.2022


ТЖ режим енгізілген күннен бастап еріктілер қазақстандықтарға көмек көрсетуге кірісіп кетті. Қазір еріктілер отандастарымызға қолдау көрсетуде түрлі шараларды ұйымдастырып жатыр. Олар мүмкіндігі шектеулі адамдарға, тұрмысы төмен отбасылар мен жалғыз басты зейнеткерлерді азық-түлік тауарларын жеткізсе, басқалары 1414 жедел желі жұмысына белсене араласуда.
Әлижан Тұрсынтай, «Медицина жастары» РҚБ еріктісі.
-Біз медициналық ЖОО студенттерімен бірлесіп, қайырымдылық шараларға мұрындық болдық. Медициналық оқу орындарының қалада қалған студенттері стационарлар мен емханаларда мамандарға жәрдемдесті. Тәртіпсіздіктер орын алған алғашқы күндері дәрігерлердің көмегіне мұқтаж жандардың саны көп болды. Олар ауруханаға түрлі жарақаттармен түсіп жатты. Араларында оқтан жараланғандар да бар. Қазір азаматтардың психологиялық жағдайының жақсарғанын байқауға болады. Ал алғашқы күндері жағдай мұндай емес еді.
Біз тек ауруханалардағы мамандарға ғана көмек көрсетпейміз.
Қазір қарттар мен жалғызбасты адамдардан, мүгедек азаматтардан қоңырауларды қабылдап жатырмыз. Олардың көпшілігі соңғы кездері үйден шығып, азық-түлік немесе дәрі-дәрмек сатып ала алмады. Қарт адамдардың кейбірі қысымын өлшеуді сұрайды. Біз бұл жұмыспен бұрыннан айналысатынымздықтан, қиын кезде шетте қарап қалмауды жөн көрдік.
Гүлмира Топанова, «Жаным» ҚҚ психологы
– Алматылықтардың басынан өткергені баршамыздың өмірін өзгертті. Әркім өзі үшін бір ой түю, сабақ алу керек. Атыстың, жарылыстың дыбысын естіп қатты күйзеліске ұшыраған жандар да бар. Олардың барлығына кәсіби көмек қажет.
Қала тұрғындарынан түскен қоңыраулар Алматыдағы ахуалмен тікелей байланысты. Тәртіпсіздік жаппай орын алған күндері жақындары үйден шығып, қайтып оралмаған адамдардың хабарламалары қынжылтпай қоймайды. Олар жақын туысының немесе досының көлігін тапқанымен, өзін таппағандығы туралы есту жүрекке ауыр тиеді. Енді біреулер елге содырлардың қайта оралатындығына алаңдаулы. Қарт ата-аналарын аяйтын жандар да психологтардың кәсіби кеңесін алуға тырысады. Олар туыстарына көз жасы мен әлсіздігін көрсеткісі келмейді.
Алматылықтардың көбісі қайғы кешуде. Жағдайы ауыр азаматтардың алдымен әңгімелесу керек. Біз тек телефонмен сөйлесіп қана қоймай, оларды сөйлесу үшін кеңсеге шақыратын боламыз. Психологтар бүгінгідей қиын жағдайда өз мәселесін түбегейлі шешкісі келетін жандарға өз көмегін ұсынып отыр. Біз әрбір алматылықты қолдағанымыз жөн. Психолог ретінде біз оларға көмектесуге тырысуымыз қажет.
Бағдат Анарбаева, Қазақстанның волонтерлер лигасының еріктісі
– Алматы еріктілері, ең алдымен жатақханаларда тұратын студенттерге көмектесті. Кеше қырғызстандық диаспорамен бірлесіп, жатақханаларда қалған студенттерге азық-түлік жеткіздік. Бүгінгі таңда Алматы осындай 2 мыңнан астам студент бар. Сонымен қатар, қазір біз жалғыз басты зейнеткерлермен байланыстамыз. Олардан көмектің қандай түрінің қажет екенін білеміз. Олардың көбісі өз қауіпсіздігі үшін қорқады. Алдағы күндері біз қан жинауға бағытталған акциялар мен басқа да қайырымдылық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз.
Малика Муханова, редактор интернет издания «Village»
– Все жители города оказались в крайне трудной ситуации. Особенно, люди, близкие которых пропали без вести. Они находятся в безвыходном положении. На улицу выходить не безопасно, а вестей от родного человека нет. Ведь главное в поиске пропавшего человека: не терять время. Чем раньше обратишься за помощью, тем быстрее найдется пропавший человек. Понимая это, мы с коллегами решили помочь алматинцам в поиске родных.
Со вчерашнего дня на своем сайте, а также на страницах издания в социальных сетях мы публикуем информацию о людях, с кем родные потеряли связь. Всю поступившую информацию направляем в соответствующие органы.
Малика Мұханова, «Village» интернет басылымының редакторы
– Қаланың барлық тұрғындары өте қиын жағдайға тап болды. Әсіресе, жақындары хабар-ошарсыз кеткен адамдардың жағдайы өте ауыр. Олар үмітсіз күйде. Сыртқа шығу қауіпті, жақын адамнан хабар жоқ. Ал жоғалған адамды табудағы ең басты жайт: уақыт. Сіз уақытты жоғалтпай көмекті неғұрлым тез арада сұрасаңыз, із-түзсіз кеткен адам тезірек табылатындығына үміт. Осыны түсіне отырып, біз әріптестерімізбен бірге алматылықтарға туыстарын іздеуге көмектесуді жөн көріп отырмыз.
Кешегі күннен бастап біз өз сайтымызда, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда туыстары іздеу салған адамдар туралы ақпаратты жариялаймыз. Сондай-ақ біз, келіп түскен барлық ақпаратты тиісті органдарға жібереміз.
Еске салайық, қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда еріктілерді үйлестірудің бірыңғай орталығы жұмыс істеп жатыр. Мұнда еріктілерге көмекке мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетуде ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі.
Орталықты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Birgemiz республикалық еріктілер фронт-офисі және Ұлттық еріктілер желісі бірлесіп құрған болатын.
Үйлестіру орталығында атап өткендей, тәртіпсіздік салдарын жою шараларын жүзеге асыруға волонтерлер елдегі жағдай тұрақталғаннан кейін басталады.
Волонтерлерге қатысты мәліметтерді жинау (байланыс, өңір және көрсетілетін көмек түрі) 8 771 348 83 84 нөмірі (ақпараттық желі), сондай-ақ @eriktiler_kaz телеграмм-чатында жүргізіледі.