Алматыда мүгедектігі бар адамдарға арналған продакшн-студияның жұмысы ұйымдастырылды

Жарияланған күні: 11.09.2023


Мүгедектігі бар адамдарға арналған қаладағы алғашқы продакшн-студияда заманауи мамандықтар бойынша оқытудан 20 адам оқытылды. Олар «Мобилография», «СММ», «Режиссура», «Копирайтинг», «Видеоинженерия» сияқты мамандықтардың дағдыларын тегін меңгерді, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ерзи MEDIA» жобасы аяқталды. Жоба мүгедектігі бар адамдарды заманауи ақпараттық қоғамға толыққанды тартуға жағдай жасауға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекеттен алған гранттық қаражатқа ««Ерзи» мүгедектер қауымдастығының орталығы» ҚБ студияны мобильді түсірілім, бейнежазба және монтаждауға арналған заманауи аппаратурамен жабдықтады, мүгедектігі бар алматылықтарға тегін шеберлік сағаттарын, түрлі тренингтерді өткізді.
«Мобилография, СММ, режиссура, копирайтинг, видеоинженерия курстарының арқасында мүгедектігі бар 20 адам қоғамда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толерантты көзқарасты дамытуға ықпал ететін мазмұнды контент жасауды үйренді. Осы курстарды ұйымдастыра отырып, біз адамдардың стереотиптік ойлауын өзгертуге және мүгедектігі бар тұрғындарға өздеріне сенуге және өздерін әлемге танытуға көмектесуге тырыстық. Бүгін біздің студияда оқыған азаматтардың барлығы Instagram, Tik-Tok-та өз блогтарын белсенді жүргізеді, бизнес иелеріне әлеуметтік желілерде өз ісін ілгерілету жөніндегі қызметтерін көрсетеді, түрлі подкасттарды жүргізеді», – дейді «Ерзи MEDIA» жобасының үйлестірушісі Ербол Игембергенов.

Мәселен, 29 жастағы Ажар Аязбаева жұмыста жоғарылауға көмектесті. «Сирек кездесетін генетикалық ауруыма байланысты менің І топтағы мүгедектігім бар. Соған қарамастан, мен үнемі туыстарыма көмектесуге, адал еңбекпен ақша табуға тырысамын. Оқудың басында мен жәрдемақыма қосымша ретінде жарнама агенттігінде жұмыс істедім. Қажетті білімімнің болмауынан жұмысымда кейбір қиындықтар туындады. Бірақ, копрайтинг курстарының арқасында мен жақсы нәтиже қол жеткіздім. Осының нәтижесінде аға копирайтер лауазымына ие болдым.
Сондай-ақ, мен Tik – Tok-тағы блогымды бұрынғыға қарағанда белсенді әрі сауатты түрде жүргізе бастадым», – деді Ажар Аязбаева.

«ЕРЗИ» мүгедектер қауымдастығының орталығында атап өткендей, Алматыда мүгедектігі бар адамдарға арналған продакшн-студия өз жұмысын жобадан тыс уақытта да жалғастырады.