Алматыда «Игі істер форумы» өз жұмысын бастады

Жарияланған күні: 25.05.2023


Халықаралық қайырымдылық форумына қатысушылар ақыл-ой кемістігі бар мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған клиникалық педагогика мен психологияның инновациялық әдістерін, тәсілдері мен бағыттарын талқылайды.

25 және 26 мамырда Алматыда «Ерекше балалардың ата-аналарының одағы» РҚБ-ның бір жылдығына орайластырылған «Игі істер форумы» өтеді.
Форум жұмысына Қазақстан мен Ресейдің медицина мамандары мен сарапшылары, қоғам белсенділері, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысады.

Іс-шараға қатысушыларды құттықтаған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Әлия Оспанова Форумды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Біздің орталық үшін осындай іс-шараларды дамытуға, инклюзивті даму саласындағы проблемаларды зерттеуді көтеруге бағытталған бастамаларды қолдау өте маңызды. Егер көмекке мұқтаж балалар туралы айтатын болсақ, онда олардың өмірінде ата-аналары, отбасы, бала өсіп, дамитын орта маңызды рөл атқарады. Сондықтан мұндай іс-шаралар көп болғаны жөн. Бұл ретте біздің орталық үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қолдауға әрқашан дайын», – деп түйіндеді сөзін Әлия Оспанова.

Екі күндік конференция барысында сарапшылар мамандардың, ата-аналардың, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін, клиникалық педагогика және психология саласындағы мамандардың қажетті ақпараттан хабардарлығын арттыру мәселелерін талқылайды.
Форум соңында қатысушылар қарар қабылдап, өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қояды.