АЙНҰР ІЛИЯСОВА: ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ЕМДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ!

Жарияланған күні: 30.07.2021


Қазақстанға танымал актриса, көпшіліктің сүйіктісі, озбырлықпен күрестің белсендісі және «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңарту қорының негізін қалаушы Айнұр Ілиясова «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру» әлеуметтік жобасының бренд-амбассадоры болды.
« – Елімізде болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарай алмаймын! Бұл күш көрсетушілердің тек әйелінің ғана емес, сонымен бірге балалары мен немерелерінің тағдырына қалай әсер ететінін өзім білемін», – дейді «Келинка Сабина» фильміндегі Алтыншаш.
– Бұл көмекті қажет ететін, мамандарға жүгінуді талап ететін қоғамда белең алып келе жатқан өзекті мәселе. Халық арасында «қатынын сабамаған еркек – еркек емес, ерінен таяқ жемеген қатын -қатын емес» деген қазақ мақалы кеңінен тараған. Бұл түсініктің адамдардың санасына терең сіңгені сондай, қазір әйелін ұру қалыпты құбылыс ретінде қабылданады. Менің жай-күйі жақсы, өз күшімен жетістікке жеткен сұлу құрбыларым бар. Бірақ, олардың отбасында да зорлық-зомбылық болғанын білемін! Ал, мұндай жағдайда өмірің толық негативке айналады, әйел адам үнемі стресс, үрей жағдайында, отбасындғы балалардың психологиясына әсер етеді. Есейген кезде балалардың бойында агрессия қалады және кейін ол түрлі жолмен сыртқа шығуы мүмкін.
Барлық бәле білімнің жетіспеушілігінен, дейді актриса. Актрисаның пікірінше, тұрмыстық зорлық-зомбылық зардаптары туралы айту өте маңызды, ерлі-зайыптыларды отбасындағы қарым-қатынастың басқа да нұсқалары бар екеніне сендіру керек. Мұндай жұмысты дағдарыс орталықтарының қызметкерлері де толыққанды жүргізе алады:
– Адамдардың көзін ашу қажет. Әйелдер мен балалар бақытты отбасында өмір сүріп, зорлық-зомбылық аз болса екен деп шын жүрегіммен тілеймін. Бұ дүниеге балалар ақ парақ секілді, тап-таза болып келеді, ал біз бәрін саналы түрде бүлдіреміз. Болашақта олар ата-аналарының мінез-құлқын қайталайды ғой. Біздің мақсатымыз – оларды дұрыс тәрбиелеу, оларға сүйіспеншілік сезімін жеткізу, көңіл бөлу, білім беру. Оларға үлгі болу!
Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» жүзеге асыруда.