Әлеуметтік жобасының басталуына арналған баспасөз- конференциясы өтеді

Жарияланған күні: 15.04.2021


Құрметті достар!
Ертең, сағат 10:00-де онлайн режимінде “EN BAQYTTY El” қоғамдық қорының ” Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институциянализациялау” әлеуметтік жобасының басталуына арналған баспасөз- конференциясы өтеді.
Конференцияға ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов”, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас,” EN BAQYTTY El ” ҚҚ директоры Камиля Сүлейменова, «Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) ” жоба серіктестері “Қазақстан Әкелері” Республикалық әкелер қауымдастығы, “BOPE” қоғамдық қоры, “JANYM” қоғамдық бірлестігі және жобаның бенефициарлары қатысады.
Спикерлер жобаның басты іс-шаралары жайлы, соның ішінде:
– “Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционализациялау “жобасын іске асырудың басталуы»;
– жоба аясында өткізілетін іс-шаралар;
– YouTube арнасының отбасылық құндылықтар туралы бейнесабақтар мен сұхбаттарды орналастыру жұмысы туралы сөз қозғайды.
Трансляцияны En_baqytty_el Youtube-арнасынан, Facebook en BAQYTTY EL және “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ парақшаларынан көруге болады

https://www.facebook.com/cisc.kz

.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.