Жарияланған күні: 05.03.2022
«Замандас 21» қоғамдық қорының жобасы қазақстандық әйелдерге пайдалы дағдыларды үйренуге, өз ісін ашуға және өмірін түбегейлі өзгертуге көмектесті.
Алматылық Әйгерім Төлебаева курстан өтіп қана қоймай, өз ісін ашу туралы да ойланып жүр. Ол аспаздық курстарды оқып, кейін бұл дағдылар оның негізгі табыс көзіне айналды. Оның айтуынша, онлайн-форматтағы сабақтар ыңғайлы, өйткені олар орынға байланыссыз өткізілді. Тек желіге қол жетімді компьютердің болуы жеткілікті болды.
«Менің мүмкіндігі шектеулі балам болғандықтан, оны біреумен ұзақ уақытқа қалдыра алмаймын. Мен өз қолыммен пісіруді және сатуды үйрену керек деп ойладым. Маған көбірек рецепттер, ет, көкөніс, тәтті пирогтар, тоқаштар үшін жақсы қамырдың құпиялары туралы көбірек білу керек болды. Оның үстіне, сабақ та көп уақыт алған жоқ. Сабағымыз аяқталғанына қарамастан, курс тыңдаушыларының чатында біз әлі де сөйлесіп, әртүрлі рецепттермен, пайдалы ақпаратпен алмасуды жалғастырып келеміз. Оқу аяқталғаннан кейін тапсырыстар бірден түсе бастады. Үйде отырып, ақша табамын. Бүгінгі таңда тапсырыстар ақырындып көбейіп келеді. Егер сұраныс артатын болса, мен аспаздық студия ашамын деп отырмын» – деді Әйгерім Төлебаева.
Ақкөл ауылының тұрғыны Валентина Босякова үш баланы тәрбиелеп отыр, олардың біреуі мүгедек. Өмірлік қиындықтарға қарамастан, әйел шағын сұлулық салонын ашты.
«Мен бәрі оңай болады деп күтпеген едім. Соңғы бес жыл ішінде мен маникюр, педикюр, шугарингпен айналысамын. Шағын салонды жалға алдым. Кірпік мен қасты ламинаттау курстарында оқығаннан кейін мен клиенттік базаны арттыра алдым. Білім алып, бағатізбені жаңа қызметтермен толықтыра алғаныма қуаныштымын», – дейді Валентина Босякова.
«Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасының үйлестірушісі Варвара Полякованың айтуынша, сұлулық, клининг, digital-қызметтер саласында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті мамандар курстарында 500-ге жуық адам оқытылды. Курс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, бұл оларға тұрақты жалақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, осы жоба аясында біліктілікті арттыру туралы сертификаттар отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлеріне де берілді. Өткен жылы дағдарыс орталықтарының 422 маманы қиын өмірлік жағдайдағы әйелдер мен балаларға психологиялық және құқықтық көмек көрсету бойынша өздерінің кәсіби білімдерін арттырды.
Әлеуметтік маңызы бар жоба гранттық қаржыландырудың арқасында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырылды.