АБҚО қызметкерлері жемқорлықтың алдын алу жөнінде дәріс тыңдады

Жарияланған күні: 01.07.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мамандарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында Орталықта дәріс ұйымдастырылды.


Орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметінің офицері Серғали Жарылғасов ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату туралы айтып берді.


Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының кейбір тармақтары талқыланды.