Жарияланған күні: 30.11.2022
21-22 қараша аралығында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметкерлері «ISO 37001 сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл менеджменті жүйесі» тақырыбындағы оқудан өтті.
«Өткізілген оқыту сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шараларын жақсартуға мүмкіндік береді. Өйткені ISO 37001 стандарты халықаралық талаптарға жауап береді»,-деп атап өтті орталықтың комплаенс-қызметінде.
Онлайн курстарды республиканың техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі академиясы ұйымдастырды. Оқу аяқталғаннан кейін АБҚО-ның 6 қызметкері ISO 37001 халықаралық стандартының сертификаттарын алды.