Жарияланған күні: 11.09.2023
Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы, өңірдің бизнес өкілдері және АБҚО өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандум Жамбыл облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын қолдауға және ілгерілетуге жәрдемдесу жөніндегі әріптестік қатынастарды дамыту мақсатында жасалды, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Бүгін Жамбыл облысының өңірлік азаматтық форумы барысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Арман Ашкин, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Улана Сламбекова, сондай-ақ «Talas Investment Company» және «Қазфосфат» ЖШС басшылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, тараптар Жамбыл облысындағы жергілікті қоғамдастықтардың тұрақты дамытуда мемлекет, бизнес сектор және азаматтық қоғам арасындағы диалогты нығайтуға өз үлесін қосуға уағдаласты.
Ынтымақтастық бағыттарының тағы да бірі – өзара ұйымдастырушылық, консультациялық және ақпараттық-талдамалық қолдау.