АБҚО мен CAN ШЕКОА арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Жарияланған күні: 25.05.2021


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия (CAN ШЕКОА) елдерінің арасында Климаттық желісі туралы ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

2021 жылдың 25-ші мамырында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия Климаттық желісінің үйлестірушісі Ольга Бойко ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

CAN ШЕКОА – the Climate Action Network International халықаралық Климаттық желісінің аймақтық бөлігі, ол жердің климатына адамның әсерін азайтуға бағытталған 120 елдің 1400-ге жуық үкіметтік емес ұйымдарын біріктіреді.

Осы меморандумның негізгі мақсаты климаттық саясат мәселелеріне бағытталған елдердің қызметі мен үкіметтік емес ұйымдары арасындағы қатынастарды нығайту және достық байланыстарды дамыту.

Ынтымақтастық шеңберінде тараптар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арасында жер климатына адамның ықпалын азайту саласындағы ынтымақтастықты орнату үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық бастамаларына жәрдемдесу жөніндегі қызметке ықпал ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, тараптар Климаттық саясат және климаттық мәселелерді Үкімет, Азаматтық қоғам және корпоративтік сектор деңгейінде ілгерілету саласындағы сарапшылық қоғамдастықты күшейту бойынша өзара жұмысты жүзеге асыруға ниеттенеді.