Жарияланған күні: 09.11.2023
2021 жылғы желтоқсанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігін растайтын ISO 37001:2016 халықаралық сертификатын алған болатын.
Құжат тұтастық, ашықтық және сәйкестік мәдениетін енгізу бойынша басшылық деңгейінде міндеттемелерді қабылдауды көздейді.
ISO 37001:2016 стандарты талаптарына сәйкестігін растау үшін аталмыш сертификатқа ие ұйымдар бақылау аудиттерінен өтеді. Осындай іс-шаралар бүгін орталықта өткізіліп жатыр.
Айта кетейік, ISO 37001 халықаралық стандарты ұйымдарға сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ болуға, одан келетін шығыстарды, тәуекелдер мен залалдарды болдырмауға немесе азайтуға, іскерлік қатынастарға деген сенім мен сенімділікті дамытуға, сондай-ақ ұйымның беделін жақсартуға көмектеседі.