АБҚО Басқарма төрағасы Жамбыл және Түркістан облыстарының қоғам белсенділерімен кездесті

Жарияланған күні: 27.01.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Ғалым Құрман жұмыс сапарымен Жамбыл және Түркістан облыстарына барды. Ол үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, гранттық қаржыландырудың жаңа тетіктерін түсіндірді. Кездесу барысында Ғалым Құрман азаматтық қоғам белсенділеріне мемлекеттік гранттарды үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау тәртібіне қатысты туралы кейбір заңнамалық өзгерістер туралы толыққанды ақпарат берді.
«Жаңа ережелердің шеңберінде ҮЕҰ проблеманы шешу жолдарын өздері ұсынуына мүмкіндік беретін «төменнен жоғарыға» тәсілі енгізілуде. ҮЕҰ-мен, жұртшылықпен жүргізілген консультациялардың және халықаралық тәжірибені талдаудың негізінде градуирленген гранттар жүйесі енгізілді», – деді Ғалым Құрман.
Спикердің айтуынша, биыл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша 47 грант іске асырылатын болады. Мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа ҮЕҰ дерекқорында тіркелген және барлық техникалық талаптарға сәйкес келетін ҮЕҰ қатыса алады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер 12 қаңтардан 1 ақпанға дейін, ұзақ мерзімді гранттарға-12 қаңтардан 15 ақпанға дейін қабылданады. Гранттар туралы толығырақ ақпаратты cisc.kz сайтынан білуге болады.
Іс-шара соңында қоғам белсенділері өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.