Абай кентінің тұрғындары шағын грант ұтып ала алады

Жарияланған күні: 05.07.2023


Түркістан облысының Келес ауданына қарасты Абай ауылының тұрғындары арасында «Сәтті қадам» байқауына өтінімдерді қабылдау басталып кетті. Шағын гранттарды ұсыну жөніндегі конкурс ауылдағы бастамашыл топтарды қолдау, азаматтық қоғам институттарын дамыту мақсатында өткізіліп жатыр деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Түркістан облысы Келесі ауданының орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ауылдастар кеңесі» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мақсаты – жергілікті қоғамдастықтарды, жергілікті көшбасшылықты, қоғамдық белсенділікті және азаматтық қоғам институттарын дамыту арқылы ауылдың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге азаматтарды тарту.

Жоба аясында ««Жария Халықаралық орталығы» қоғамдық қоры «Ауылдастар кеңесі» онлайн медиа мектебін ашып, мұнда жергілікті белсенділерге үкіметтік емес ұйымдар қызметінің негізгі тұстары, бастамашыл топтардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары жайлы егжей-тегжейлі ақпарат беруде.
«Оқыту барысында біз азаматтарға қоғамдық орындарды абаттандыру, санитарлық тазарту қағидаларын әзірлеуді, көрме-жәрмеңке қызметін ұйымдастыруды, көше саудасының мониторингін жүзеге асыруды, содай-ақ жергілікті билік органдарымен есепті кездесулерде көтерілген мәселелерді шешу барысын мониторингілеуге үйретімз. Тыңдармандарымыз үшін 10 сабақ дайындадық. Онлайн сабақтарды сарапшылар тек қазақ тілінде жүргізеді. Жалпылай алғанда, жүзден астам азаматты оқытудан өткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді жоба жетекшісі Қанат Мырхайдаров.

Оқытудан өткен тұрғындар үшін жоба ұйымдастырушылары сондай-ақ, «Сәтті қадам» байқауын жариялады. Бұл байқауға қатыса отырып, Абай кентінің тұрғындары жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатына сыйлықақыны ұтып ала алады.
«Байқауға қатысушылар арасындағы 3 үздік жобаны қаржыландырмақпыз. Әр сыйлықақының мөлшері 200 мың теңгені құрайды. Сыйлықақыны жеңімпаздар техника, жиһаз, кеңсе тауарларын сатып алуға жұмсай алады.
Біздің ойымызша, мұндай байқау ауылдағы қоғамдық белсенділікті дамытуға, азаматтық қоғам институттары жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді», – деді Қанат Мырхайдаров.

Айта кетейік, «Сәтті қадам» байқауына өтінімдер 10 шілдеге дейін қабылданады. Байқау туралы толық ақпаратты мына телефон нөмірі бойынша алуға болады: +77029269656.
Осы жылдың қарашасында аяқталатын «Ауылдастар кеңесі» жобасы аясында басқа да іс-шараларды қолға алу жоспарланған.