АБҚО әлеуметтік жобаларға мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыруда

Әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысының олардың жоспарларына сәйкестігін қадағалау мақсатында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қызметкерлері бірқатар көшпелі мониторингтер өткізді.
Осылайша, біздің жұмысшылармыз «Қазақстан еріктілер Альянсы» ЗТБ-да еліміздің Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзуге асырылып отырған «Birgemiz: Bilim» атты жалпыұлттық жобасының іске асырылуына мониторинг жүргізу бойынша жұмыс атқарылды.
Сонымен қатар, көшпелі мониторинг «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» ҚБ қабырғасында да жүргізілді.
Сондай-ақ, жүргізілген жұмыс шеңберінде біздің менеджереліміздің күшімен «АСК» Республикалық студенттік қозғалысы» ҚБ және «Арнау дамыту орталығы» ҚБ-да «жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесін дамыту» және «жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» бойынша жобалардың мониторингі жасалды.
Айта кету керек, АБҚО елдегі гранттық қаржыландырудың жалғыз ұлттық операторы болып саналады сондай-ақ миссияларымыздың бірі әлеуметтік жобаларды мониторингілеу. Осы іс-шара барысында жоспарды түзету қажеттілігі анықталуы мүмкін. Яғни, бұл оның тиімділігін арттырудың қажетті құралы болып табылады.