Талаптар:
Жоғары білім (журналистика, жарнама және PR, халықаралық қатынастар немесе филология);
Кәсіби салада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
Толық жұмыспен қамту;
Қазақ және орыс тілдерін жетік білу.
Міндеттері:
- Қоғамның интернет-ресурсында гранттардың іске асырылуы туралы ақпаратты, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есебін орналастыру
- Гранттарды іске асыру шеңберінде іс-шараларды ақпараттық жариялауды жүзеге асыру;
- Қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және журналистермен кездесулерді, іс-шараларды (жиналыстар, есепті кездесулер, баспасөз конференциялары) ұйымдастыру, келісу және өткізу, БАҚ үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
- Қоғам қызметін жариялау бойынша ай сайынғы медиа-жоспар әзірлеу және оны іске асыруды қамтамасыз ету;
- Қоғам қызметі туралы ақпаратты дайындау және тарату;
- Қоғамның интернет-ресурсын және әлеуметтік желілерін жүргізу және олардың контенттік толтырылуын қамтамасыз ету;
- Жарнамалық, консалтингтік агенттіктермен, қоғаммен байланыс агенттіктерімен, баспалармен, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен байланысты ұйымдастыру және қолдау;
- БАҚ-қа Қоғам қызметі туралы жаңалықтар мен басқа да маңызды ақпарат беру, жарияланымдардың дайджесттерін дайындау;
- Баспасөзде, әлеуметтік желілерде, теледидарда немесе радиода пайда болатын материалдарды бақылау;
- Қоғам ұйымдастыратын көрмелерге, презентацияларға немесе өзге ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылатын акцияларға қатысу;
- Жаңалықтарды жариялау, ресми мәлімдемелер жасау және теріске шығару;
- Қоғамның қоғаммен байланыс саласындағы саясатын түзету бойынша шаралар ұсыныстарын ұсыну;
- Қоғамның PR-стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
- Қоғам мен БАҚ арасында меморандумдар жасасу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
- Жұртшылықпен екіжақты байланысты қамтамасыз ету;
- Шетелдік сапарларда қызметкерлер мен басшылыққа ақпараттық қолдау көрсету;
- Қоғамнан шығатын ақпараттық хабарламалардың сипаты мен мазмұнын анықтау;
- Жұртшылық пен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толық және дәлелді жауаптар беру, түсірілімге қатысу, сұхбат;
- Қоғам мен басқарудың оң имиджін сақтау.
- Баспасөз хабарламаларын, пресс-релиздерді, сәттілік тарихын, мақалаларды дайындау және насихаттау;
- Қоғам қызметін жалпы ақпараттық сүйемелдеуді жүргізу;
- Өз білімі мен кәсіби құзыреттілігін жетілдіру үшін үздіксіз кәсіби дамуды қолдау;
- Қоғамның сыртқы имиджі туралы ақпарат жинау;
- Қоғам мен Басқарма имиджін қалыптастыратын түрлі PR-акцияларды әзірлеу, жарнама жасау;
- Жұртшылықпен және БАҚ-пен өзара іс-қимылдың нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асыру