Бесінші орын алған қатысушыға мемлекеттік грант беру туралы сараптамалық комиссияның ШЕШІМІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің               2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 35-тармағына сәйкес (2025 жылғы 1 шілдеге дейін редакцияда қолданыста болған) және «Көмек командасы» қоғамдық қорының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №19/09 хаты негізінде, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысының 2025 жылғы «27» маусымдағы №01-14/31 бұйрығымен бекітілген  2025 жылғы «30» маусымда жарияланған конкурс шеңберінде «Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» саласының «Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру» басым бағыты бойынша бесінші орын алған «Риза-ана» қоғамдық қорына мемлекеттік грант берілсін.

Негіздеме: «Көмек командасы» қоғамдық қорының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №19/09 хаты.

Сараптамалық комиссияның төрағасы                                Ш. Исмаилов

Документы