Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

2024 жылғы 15 ақпанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 22 ҮЕҰ-дан 34 өтінім түсті, оның 28-і мемлекеттік тілде және 6-ы орыс тілінде.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 6 наурызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыГрант түріҰйым атауы
1Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауЖаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
2Мұнайлы және Түпқараған ауданы жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
3Маңғыстау және Бейнеу ауданы жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
4Аймақтың өндірістік мекемелеріндегі жас мамандар кеңесінің жұмысын ұйымдастыруқысқа мерзімді«Риза-ана» қоғамдық қоры
5Аймақтағы жас өнертапқыштар мен ғалымдарды қолдауқысқа мерзімді«Алаш арманы» қоғамдық қоры
6Маңғыстау облысында пікірсайыс қозғалысын дамытуқысқа мерзімді«Mangistau Global» қоғамдық қоры
7«Рухтан» қоғамдық қоры
8Жас көшбасшыларға арналған шетелдік тағылымдамалар ұйымдастыруқысқа мерзімді«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
9«Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
10«Венгрия университеттерінің студенттері, докторанттары мен түлектерінің Қазақстандық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі
11Жастар театрының жұмысын ұйымдастыруқысқа мерзімдіJasART жеке меншік мекемесі
12Жастарға арналған медиаөнімдерді дайындауқысқа мерзімді«Боранқұл» командасы» қоғамдық қоры
13Аймақтағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуқысқа мерзімді«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі
14«KINERGY» қоғамдық қоры
15Аймақ жастарының зияткерлік әлеуетін арттыруқысқа мерзімді«Риза-ана» қоғамдық қоры
16JasART жеке меншік мекемесі
17«Алаш арманы» қоғамдық қоры
18Жастар арасындағы нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алуқысқа мерзімді«Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қоры
19Жастар арасындағы әзіл-сықақ ойындарын ұйымдастыруқысқа мерзімді«Боранқұл» командасы» қоғамдық қоры
20Маңғыстау облысының студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын ұйымдастыруқысқа мерзімді«Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры
21Маңғыстау облысындағы шығармашыл жастарды қолдауқысқа мерзімді«AktownX» қоғамдық қоры
22Жастарға арналған қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыруқысқа мерзімді«Talent Network Club» қоғамдық бірлестігі
23«Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры
24Аймақ жастарының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруқысқа мерзімді«7 жұрт» қоғамдық бірлестігі
25«Алаш арманы» қоғамдық қоры
26«Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қоры
27Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдауАймақтағы волонтерлік бастамаларға қолдау көрсетуқысқа мерзімді«Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі
28«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
29Маңғыстау облысының волонтерлік Фронт-офисінің жұмысын ұйымдастыруқысқа мерзімді«Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыГрант түріҰйым атауыБас тарту себептері
1Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауЖаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Рухтан» қоғамдық қорыӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
2қысқа мерзімді«Бейнеу Жарқын Болашақ» қоғамдық қорыӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
3Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Атамекен»PRO үкіметтік емес қоғамдық қорыӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
4Маңғыстау облысында пікірсайыс қозғалысын дамытуқысқа мерзімді«Ұлттық пікірсайыс Федерациясы» қоғамдық бірлестігіӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
5Аймақтағы жас өнертапқыштар мен ғалымдарды қолдауқысқа мерзімді«Parasat Aktau» қоғамдық бірлестігіОтсутствие в Базе данных неправительственных организации

3) «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласының «Ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтендіру» бағыты бойынша өтінімдердің болмауы себебінен конкурс өтпеді деп танылды.

Документы