Атырау облысы ішкі саясат басқармасы тапсырысы негізінде конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

БЕКІТЕМІН

«Азаматтық бастамаларды

қолдау орталығы» КеАҚ Басқармасы Төрағасының м.а.

__________________ Балтаев Г.Т.

«27» ақпан 2025 жыл

№ 04/14-98 от 27.02.2025

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға

және «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының

бұйрығымен бекітілген үкіметтік емес ұйымдарға берілетін

мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған

тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2025 жылғы 24 қаңтарда жариялаған «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2025 жылға арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 27 ҮЕҰ-дан 41 өтінім келіп түсті, оның ішінде 34 мемлекеттік тілде және 7 орыс тілінде.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 13 ақпанда сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

  • мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыГрант түріҰйым атауы
1Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауҚұрманғазы ауданының жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Болашаққа қозғалыс»жеке қоры
2«Құрманғазы – Туған жер» қоғамдық қоры
3Махамбет ауданының жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Болашаққа қозғалыс»жеке қоры
4Индер ауданының жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Әселдің әсем әлемі» қоғамдық қоры
5«Дендер» жастарқоғамдық бірлестігі
6Исатай ауданының жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Болашаққа қозғалыс»жеке қоры
7«B-elsendi»қоғамдық қоры
8«Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық бірлестігі
9Мақат ауданының жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Болашаққа қозғалыс»жеке қоры
10«Инфо орталық»қоғамдық бірлестігі
11Жылыой ауданының жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Qabilet» қоғамдық қоры
12Қызылқоға ауданының жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Инфо орталық»қоғамдық бірлестігі
13«Ұлы мақсат»қоғамдық қоры
14«Қыр баласы қол созады аспанға…» арт экспедициясын ұйымдастыруқысқа мерзімді«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі
15«Алматы студенттер Альянсы» қоғамдық қоры
16«Қазақия» қоғамдық қоры
17«Golden Steppe Explorers» қоғамдық қоры
18«Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қоры» қоғамдық қоры
19«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
20«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі
21«Atyrau Creative Hub»жастар кеңістігінің жұмысын ұйымдастыруқысқа мерзімді«Key Transform» қоғамдық бірлестігі
22«Atyrau Faces» видеоконтенті арқылы еңбек мамандықтарын насихаттауқысқа мерзімді«Солидарность» әлеуметтік даму қоры» қоғамдық қоры
23«Алматы студенттер Альянсы» қоғамдық қоры
24«Zharyq» қоғамдық бастамаларды дамыту орталығы» жеке қоры
25«Golden Steppe Explorers» қоғамдық қоры
26Общественный Фонд «Национальный Фонд социального развития «СЕРПІН» ұлттық әлеуметтік даму қоры» қоғамдық қоры
27«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі
28«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
29«Ұшқын» мүгедектігі бар жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобасықысқа мерзімді«Ерекше Ана – Ерекшем 16+» қоғамдық қоры
30«ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қоры
31«AtyrauRobо» Мехатроника және робототехника саласындағы жастар фестиваліқысқа мерзімді«Gylym Dauiri»қоғамдық қоры
32«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі
33Жастар көшбасшылары үшін шетелдік стади-турларды ұйымдастыруқысқа мерзімді«Ұлттық еріктілер желісі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
34«Алматы студенттер Альянсы» қоғамдық қоры
35«Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қоры» қоғамдық қоры
36«Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық бірлестігі
37«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыГрант түріҰйым атауыБас тартусебептері
1Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауМахамбет ауданының жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Jarqyn Bolashaq» жастар қоғамдық бірлестігіӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
2Индер ауданының жастарын әлеуметтендіруқысқа мерзімді«Күкіртті» қоғамдық қорыӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
3«Ұшқын» мүгедектігі бар жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобасықысқа мерзімді«Құрманғазы – Туған жер» қоғамдық қорыӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
4Жастар көшбасшылары үшін шетелдік стади-турларды ұйымдастыруқысқа мерзімді«Tomiris-Tumar»қоғамдық қорыӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді

Документы