Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 16.05.2025 жылғы №25 хаттамасы

«Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ басшысының  «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «19» наурыздағы № 29-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 28 наурызда жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 25 ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                                               2025 жылғы «16» мамыр

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Калиоллаев Руслан КалиоллаевичZOOM арқылы қашықтан қатысты
2.Сахиев Болатбек  ЖеткергеновичZOOM арқылы қашықтан қатысты
3.Қантөреева Жұмагүл Амангелдіқызы        ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Рахимбекова Жанар СапаровнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
5.Орынбасар Мақсат Зейнуллаұлы         ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

 Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

 Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Руслан Калиоллаевич Калиоллаевты сайлауға шешім қабылдады.

 Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Калиоллаев Руслан Калиоллаевич101
2.Сахиев Болатбек  Жеткергенович101
3.Қантөреева Жұмагүл Амангелдіқызы101
4.Рахимбекова Жанар Сапаровна101
5.Орынбасар Мақсат Зейнуллаұлы101

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны өтінім құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 1 ҮЕҰ-нан түскен 1 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың      8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіКалиоллаев Руслан КалиоллаевичСахиев Болатбек  ЖеткергеновичҚантөреева Жұмагүл АмангелдіқызыРахимбекова Жанар СапаровнаОрынбасар Мақсат ЗейнуллаұлыБарлығы
Жамбыл облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыруқысқа мерзімді5 280«Жамбыл облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі4336311718145

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Жамбыл облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыруқысқа мерзімді«Жамбыл облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі145

  Сараптама комиссиясы төрағасы  _____________  Калиоллаев Р.К.

Документы