ҚР Ақпарат және қоғам министрлігінің грантын ұсыну жөніндегі конкурс (өтінімдерді қабылдау аяқталды)

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі   мемлекеттік грантын ҮЕҰ-ға беруге конкурс жариялайды

 

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

 

  1. Конкурс жөнінде

Оператор  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері, жастар және отбасы істері комитеттері «2023 жылға Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды. Конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағида) бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігін мониторингілеу және бағалау қағидалары әлеуметтік саланы дамытудағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында өткізіледі.

 

Оператор  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері, жастар және отбасы істері комитеттері гранттарына конкурс бір кезеңде (конкурсқа қатысуға өтінімдер беру, сараптама комиссиясы мүшелерінің өтінімдерді қарауы және бағалауы) өткізіледі;

 

  1. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты. Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар

Өтінімдерді қағаз нұсқасында немесе электронды тасымалдау құралымен  Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 5-қабат, 504/3 кеңсесіне немесе  grants@cisc.kz  электрондық поштасына жолдаңыздар.

 

Кеңсеге келіп түскен және пошта қызметі арқылы жіберілген қағаз нұсқадағы өтінімдер өтінім беруші ұйымның басшысы немесе орынбасарының қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген және тігілген болуы шарт.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

ОПЕРАТОР ӨТІНІМДЕРДІ 2023 ЖЫЛДЫҢ «25» ШІЛДЕДЕН «14» ТАМЫЗҒА ДЕЙІН АСТАНА УАҚЫТЫМЕН САҒАТ 18:30 ДЕЙІН ҚАБЫЛДАЙДЫ.

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМНЕН КЕЙІН ПОШТА ҚЫЗМЕТІ АРҚЫЛЫ ЖОЛДАНҒАН ӨТІНІМДЕР ДЕ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана уақыты мен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін).

 

Конкурсқа  қатысу үшін өтінім беруші мынадай жолдармен өтініш жібере алады:

– пошта қызметі арқылы жіберілген қағаз нұсқадағы өтініштер өтінім беруші ұйымның басшысы немесе орынбасарының қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген, және міндетті түрде осы өтінімнің көшірмесі   мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетілген өтінім  мұрағатталған бірыңғай WinRar, WinZip файлында PDF және MS Word форматында  grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберіледі;

– электронды тасымалдау құралымен пошта қызметі арқылы жіберілген өтініштер өтінім беруші ұйымның басшысы немесе орынбасарының қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген, және міндетті түрде осы өтінімнің көшірмесі   мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетілген өтінім  мұрағатталған бірыңғай WinRar, WinZip файлында PDF және MS Word форматында grants-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына жіберіледі;

– электрондық форматтағы өтініш таңдалған грант тақырыбы, атауы және өтініш берушінің контактілері көрсетілген мұрағатталған WinRar, WinZip файлында PDF және MS Word форматында  grants@cisc.kz  электрондық поштасына жіберіледі.

 

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші қабылдаудың соңғы күні мен уақытынан кешіктірмей операторға растайтын құжаттарды (құрылтай құжаттарының көшірмелері), қоса бере отырып Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдеріндегі өтінімді береді.

Сонымен қатар, әлеуметтік жобаны сараптама комиссиясы Қағидаларға 8-қосымшаға көзделген бағалау критерийлері бойынша бағалайтынына назар аударамыз.

Конкурстық комиссияның іріктеу процесімен және қызметімен Ережеде толығырақ танысуға болады.

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдаудың барлық уақытында кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Оператордың мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалық кеңсесіне (7172) 79-08-28, (7172) 79-08-04, (7172) 79-08-07 телефондары арқылы хабарласқан жөн.

 

  1. Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;

4)Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;

5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;

8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;

11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

12) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2023 жылға арналған басым бағыттарының бекітілген тізбесінде көзделген мемлекеттік гранттың басым бағыты бойынша конкурс мынадай себептердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмегенде;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.

 

  1. Басым бағыттардың бекітілген тізбесі

Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 21 шілдедегі № 287-НҚ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар берудің 2023 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі аясында өткізіледі.

Бұйрықтың көшірмесі мен оның қосымшалары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында орналастырылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/497690