Ұзақмерзімді гранттық жобалардың онлайн таныстырылымының кестесі

Жарияланған күні: 26.05.2023


29 мамыр мен 2 маусым аралығында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирлерде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша 2023 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылатын болады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша ұзақ мерзімді гранттық жобалар 2023-2025 жылдар аралығында іске асырылатын болады. Олар жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, жастарға психологиялық көмек көрсету, отбасылық құндылықтарды нығайту, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды қолдау, жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау сияқты бағыттарды қамтиды.

Жобалар таныстырылымының кестесімен төменде танысуға болады.

 

ҮЕҰ-ның атауы Жобаның атауы Өтетін күні мен уақыты
1 «Жария халықаралық орталығы» ҚҚ Қазақстан жастарының репродуктивті денсаулығын сақтау жөніндегі «Жастар денсаулығын сақтау» республикалық жастар қозғалысы 29 мамыр

15:00

2 «Bilim Foundation» КҚ BF Line-кәмелетке толмағандар мен жастарға психологиялық қолдау көрсету қызметі 30 мамыр

15:00

3 «Құқық» ҚҚ  «Бақытты отбасы» отбасылық соттары жанындағы отбасын ресурстық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру 31 мамыр

15:00

4  «QOLDAU білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі» ҚБ Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені арқылы жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту және инновациялық әдісті пайдалана отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау 1 маусым

15:00

5 «Болашақ Қазақстанға » қоғамдық студенттік бірлестігі «Тіл тағдыры-ел тағдыры» 2 маусым

15:00