Қағидаларда көзделген талаптарға және «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Жобаларды басқару департаменті 2023 жылғы 27 қаңтарда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ (бұдан әрі – ҮЕҰ)  мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 5 ҮЕҰ-дан 8 өтінім түскенін хабарлайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім, орыс тілінде – 4 ҮЕҰ-дан 7 өтінім. 

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 13 сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

  • өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
  • өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
  • өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
  • Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
  • егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
  • егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
  • егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
  • егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
  • егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
  • егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

Конкурсқа қатысуға жіберілген Қағидалардың 40-тармағына сәйкес өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Мемлекеттік гранттың саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Отбасы институтын нығайту Қысқа мерзімді «Шанырак-2008» ҚБ
2 Қысқа мерзімді  «Женщины-Атырау» ҚБ
3 Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу Қысқа мерзімді  «Женщины-Атырау» ҚБ
4 Қысқа мерзімді «Шанырак-2008» ҚБ
5 Қысқа мерзімді  «Институт общественного здравоохранения» жеке меншік мекемесі
6 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Жергілікті  өзін-өзі  басқару негіздері бойынша ақпараттық-түсіндіру Қысқа мерзімді  «Институт общественного здравоохранения» жеке меншік мекемесі
7 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу Қысқа мерзімді  «Әлеуметтік бағдарламалардың орталығы» ҚҚ

 

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Облысы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Отбасы институтын нығайту Қысқа мерзімді  «Заңғар» жастардың үкіметтік емес қоғамдық ұйымы» ҚБ

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ