Жарияланған күні: 05.04.2023
«Инклюзивті көмекші» telegram-боты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша қысқа мерзімді гранттық жоба аясында іске қосылды.
Түркістан қаласы мен Түркістан облысының Сайрам ауданында «Мақсатты топтарды әлеуметтендірудің, интеграциялау және жұмысқа орналастырудың табысты факторы ретінде Түркістан облысында тұратын мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі қызметті іске асыру, ілгерілету және одан әрі дамыту» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жоба аясында «Қорған-М» ҚБ «Инклюзивті көмекші» telegram-ботын іске қосты. Бұл – мүгедектігі бар адамдарға мотивациялық, психологиялық-әлеуметтік және құқықтық кеңес берудің онлайн-кабинеті.
«Бот Түркістан қаласы мен Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында тұратын мүгедектігі бар адамдарға психологтың, заңгердің уақтылы кәсіби көмегін алуға, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі», – дейді жоба жетекшісі Диана Қырғызбаева.
Сондай-ақ, «Инклюзивті көмекші» telegram-ботында қыш жасау, сәндік безендірумен гүл өсіру және әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері сияқты үш бағыт бойынша оқуға жазылуға болады. Консультациялар келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://t.me/inclusivehelpbot.
жоба осы жылдың қыркүйегіне дейін іске асырылмақ. Жоба операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.