Жарияланған күні: 31.03.2023
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұжымына коммерциялық емес қоғамның Басқарма төрайымын таныстырды.
«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Әлия Оспанова «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды.
Ол әр жылдары Microsoft компаниясында жетекші, Ericsson компаниясының аймақтық директоры (Стокгольм, Швеция), Elsevier компаниясының аймақтық директоры (Амстердам, Нидерланды) қызметтерін атқарды», – деді вице-министр.