Орталықтың Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні: 06.03.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының орынбасары болып Арман Рахимжанов тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Арман Рахимжанов М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Білім» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Петропавл қаласында «Мен жаспын» қоғамдық жастар ұйымының менеджері ретінде бастады.
Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар ол Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты әлеуметтік даму бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Мемлекет пен қоғамның әріптестігін дамыту басқармасының басшысы, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті Мемлекет пен қоғамның әріптестігін дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Орталықта Арман Рахимжанов гранттық жобаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.