Қағидаларда көзделген талаптарға және «Қарағанды облысының тілдерді дамыту» ММ жөніндегі басқармасының мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және «Қарағанды облысының тілдерді дамыту» ММ жөніндегі басқармасының мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

 

Жобаларды басқару департаменті 2023 жылғы 03 ақпанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ (бұдан әрі – ҮЕҰ)  мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша мемлекеттік тілде 1 ҮЕҰ-нан 2 өтінім түскенін хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 23 ақпанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 02 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

  1. өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
  2. өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
  3. өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
  4. Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
  5. егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
  6. егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
  7. егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
  8. егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
  9. егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
  • егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

Конкурсқа қатысуға жіберілген Қағидалардың 40-тармағына сәйкес өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

 

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

 

Мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Мемлекеттік тілді дамыту қысқа мерзімді «ORKEN2018» жеке меншік мекемесі
2 Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту  

қысқа мерзімді

«ORKEN2018» жеке меншік мекемесі

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ