Қазақстанда Дүниежүзілік ҮЕҰ күні аталып өтті

Жарияланған күні: 27.02.2023


Бүгін, 27 ақпанда Қазақстанның Азаматтық альянсының бастамасымен Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – бастауыш және кәсіби ҮЕҰ-ны қолдау, тәжірибе алмасу, азаматтық сектор, бизнес құрылымдар өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен мемлекеттік органдар арасында әріптестік орнату.


«Үкіметтік емес сектордың сапалы кәсіби өсуі байқалады. ҮЕҰ-ның көптеген көшбасшылары барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының міндеттерін өте жақсы орындайды.

Жақында өткен сайлау қорытындысы бойынша Парламент Сенатының жаңартылған құрамы үкіметтік емес сектордың лайықты өкілдерімен толыққанын мақтанышпен айтамыз», – деп атап өтті Қазақстанның Азаматтық альянсының басшысы Бану Нұрғазиева.

Жиынға республикалық ҮЕҰ-ның, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.


Іс- шара аясында бірқатар шеберлік сағаттары өтті. Сондай-ақ, ҮЕҰ-дың өкілдері Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хаттарымен, орталық мемлекеттік органдардың наградаларымен марапатталды.