Еуропалық комиссия Қазақстанда азаматтық қоғамды қолдау бойынша ұсыныстар конкурсын жариялады

Жарияланған күні: 09.02.2023


Еуропалық комиссия «Адам құқықтары және демократия» және «Азаматтық қоғам ұйымдары» тақырыптық бағдарламаларының қаржылық қолдауымен Қазақстанда жобаларды іске асыру үшін ұсыныстар іздейді.

Адам құқықтары және демократия жөніндегі тақырыптық бағдарлама (HRD) адам құқықтарын, негізгі бостандықтарды, демократияны және Заң үстемдігін ілгерілету және қорғау мақсатында Еуропалық демократия және адам құқықтары құралының (EIDHR) түйінді ерекшеліктеріне негізделген.

Азаматтық қоғам ұйымдарының тақырыптық бағдарламасы (CSO) — Еуропалық Одақтың оған серіктес елдердегі азаматтық қоғам ұйымдарын нығайтуға бағытталған бағдарламасы. Ол бірінші кезекте Комиссияның басқару, бейбітшілік пен қауіпсіздік және адам дамуы саласындағы басымдықтарына, сондай-ақ азаматтық қоғамның ТДМ 16 және ТДМ 17-ге қатысты өмірлік маңызды рөлін қолдауға өз үлесін қосады.

 Грант туралы
  • Осы ұсыныс конкурсы шеңберінде берілген жалпы болжамды сома 5 400 000 еуроны құрайды.
  • Осы ұсыныс конкурсының аясында сұралған кез-келген грант келесі минималды және максималды сомалар арасында болуы керек:

○       Лот 1 (HRD):

■       Ең төменгі сома: 400 000 еуро

■    Максималды сома: 750 000 еуро

○       Лот 2 (АҚҰ):

■      Ең төменгі сома: 400 000 еуро

■       Максималды сома: 400 000 еуро.

Конкурс шарттары
  • Грант алу құқығына ие болу үшін жетекші өтініш беруші:

○ Заңды тұлға болуы;

○ Коммерциялық емес ұйым болуы

○ Белгілі бір типтегі ұйым болуы, мысалы: азаматтық қоғам ұйымы (АҚҰ) және / немесе олардың қауымдастығы

○   Қазақстанда немесе Еуропалық Одаққа мүше мемлекетте немесе кез келген аумақта құрылуы тиіс, өйткені өтініш берушілер мен бірлесіп өтініш берушілерге, сондай-ақ үлестес тұлғаларға, егер бар болса, ұлты бойынша шектеулер қолданылмайды, Қазақстанда кемінде екі жыл әрекет ету

○       Дәнекерші ретінде әрекет етпей, өтініш берушімен(лермен) және үлестес тұлғамен(лармен) бірге өтінімді дайындау және басқару үшін тікелей жауапты болуы қажет.

  • Бірлесіп өтініш беруші

○   Бірлесіп өтініш берушілер жетекші өтініш берушіге қолданылатын жарамдылық критерийлеріне сәйкес келуі керек.

○ Кем дегенде бір бірлескен өтініш беруші Қазақстанда тіркелуі тиіс.

  • Үлестес тұлғалар

○  Жетекші өтініш беруші және оның бірлескен өтініш берушісі(лері) үлестес тұлғамен(лармен) бірлесіп әрекет ете алады.

 

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 24 наурыз, Астана уақыты бойынша 17: 00 сағат

 

Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://webgate.ec.europa.eu/europeaid/online-services/index.cfm?ADSSChck=1675858580729&do=publi.detPUB&searchtype=AS&zgeo=2495336&aoet=36538&debpub=&orderby=upd&orderbyad= Desc&nbPubliList=15&page=1&aoref=176656