Қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетпек

Жарияланған күні: 09.02.2023


Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасының басталғанын хабарлайды.

Гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлер желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне табысталмақ.

Келесі мекенжайлар бойынша орналасқан қабылдау пункттеріне қазақстандықтар көрпелерді, ұйықтауға арналған қаптарды, термос, қол шамдарын, пауэрбанктерді, жеке гигиена құралдарын, қысқы киімдерді тапсыра алады:

Астана қ-сы, Қабанбай батыр д-лы, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет (Ұлттық волонтерлер желісі);
Астана қ-сы, Ж. Тәшенов к-сі, 3 (Түркия елшілігі);
Алматы қ-сы, Төле би к-сі, 29А (Түркияның Алматыдағы консулдығы);
Шымкент қ-сы, Желтоқсан к-сі, 9/4;
Ақтау, Самал ш. ауданы, 56 (Түркияның Ақтаудағы консулдығы)
Ақтөбе қ-сы, Ағайынды Жұбановтар к-сі, 276Б, 312 кеңсе;
Атырау қ-сы, Ж. Молдағалиев к-сі, 29 А;
Жезқазған қ-сы, ул. Бейбітшілік 26/1;
Қарағанды қ-сы, Әлиханов к-сі, 4, 102 кабинет;
Көкшетау қ-сы, Сәтпбев к-сі, 1Б;
Қонаев қ-сы, Қонаев к-сі,7/5 (ЖРО);
Қостанай ,Юбилейное ш. ауданы, 56;
Павлодар қ-сы, Ломов к-сі, 38;
Петропавл қ-сы, Парковая к-сі 57В;
Семей қ-сы, Абай к-сі, 99;
Талдықорған, Қонаев к-сі, 47;
Тараз қ-сы, Төле би к-сі, 190;
Түркістан қ-сы, Байбұрт к-сі, 5;
Өскемен қ-сы, Карбышев к-сі, 54.

Отандастарымыз зардап шеккендерге қаржылай да көмек көрсетіп жатыр.
Заңды тұлғалар төмендегі реквизиттер бойынша қаржылай көмекті жібере алады:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521

Жеке тұлғалар қаражатты Kaspi қосымшасындағы «Қайырымдылық» бөлімінде «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ-ны таңдау арқылы жібере алады.
Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.