- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
- Конкурс жөнінде
«Шелл Қазақстан Б.В.» компаниясы филиалының тапсырысы бойынша Оператор Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша тұрақты бастамаларды іске асыру арқылы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиясын ілгерілетуге үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) мен азаматтық қоғамды тарту мақсатында «EcoBatys 2.0» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік емес гранттар беруге Конкурс жариялайды.
Мемлекеттік емес гранттарды іске асыру мерзімі: сәуір-қазан, 2023 ж.
1 (бір) мемлекеттік емес грант сомасы: 1 жобаға 7 000 000 (жеті миллион) теңге.
Аталған өңірлерде экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобаларды іске асыру мынадай 3 бағыт бойынша жүзеге асырылуға тиіс:
- Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану (мысалы, су ресурстарының сапасын сақтау, ауыз су сапасының нашарлауы, ірі өзендердің таяздануы, судың қалдықтармен ластануы және т. б.);
- Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалану (мысалы, сарқылу және шөлейттену, судан және желден эрозия, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластану, бұзылған жерлерді қалпына келтіру, топырақтың құнарлы қабатын сақтау және т. б.);
- Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану (мысалы, табиғи тіршілік ету ортасын бұзу, жергілікті түрлердің ығыстырылуымен немесе жойылуымен бірге жүретін жаңа түрлерді енгізу, жағалау мен теңіз экожүйелерінің ластануы және т. б.);
Гранттар беруге арналған Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
- Бірінші кезең: конкурс талаптарына техникалық сәйкестікке өтінімдерді тексеру және «Эко-инкубатор» шеңберінде әлеуетті арттыру бойынша тренингтер өткізу;
- Екінші кезең: бірінші кезеңнен өткен өтінімдерді онлайн таныстыру, бағалау және грант алушыларды анықтау.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2023 ЖЫЛҒЫ «16» – «30» ҚАҢТАР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА қ. УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ.
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕЙІН ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
Оператор өтінімдерді дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қ. уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) қабылдайды.
- Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін өтініш берушінің атауы мен контактілері көрсетілген қажетті құжаттарды PDF форматында мұрағатталған WinRAR/WinZip файлында тек электрондық форматта grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберу арқылы енгізеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші қабылдау аяқталған күн мен уақыттан кешіктірмей Операторға, құрылтай құжаттарын қоса отырып, «EcoBatys 2.0» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік емес гранттар беруге конкурс өткізу туралы ереженің (осыдан әрі – Конкурс өткізу туралы ереже) 1-қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік емес гранттар беру Конкурсына қатысуға өтінімді енгізеді:
- өзекті күнге egov сайтынан тіркелген заңды тұлға туралы анықтама;
- барлық енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы;
- құрылтай шарты (бар болса);
- қол қоюшының жеке басын куәландыратын құжат және өтініш берушінің атынан өтінімге қол қоюға өкілеттігін растайтын құжат;
- өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі немесе егер өтінімге өтініш берушінің атқарушы органының басшысы қол қоймаған жағдайда сенімхат.
Сонымен қатар, әлеуметтік жобаны сараптама комиссиясы Конкурс өткізу туралы ережеге 2-қосымшада көзделген бағалау өлшемшарттары бойынша бағалайтынына назар аударамыз.
Конкурстық комиссияның іріктеу процесі және қызметімен Конкурс өткізу туралы ережеде толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдаудың барлық кезеңінде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін операторға келесі телефон арқылы хабарласу қажет: (7172)79-08-28, (7172)79-08-04, (7172)79-08-07.
- Конкурсқа қатысуға мынадай өлшемшарттарға жауап беретін үкіметтік емес ұйымдар жіберіледі:
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 5-1-бабына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтері қамтылған;
- тіркелген сәттен бастап кемінде 3 ай әрекет етіп келген;
- өтінімге сай мемлекеттік емес грантты іске асыру өңірінде (Батыс Қазақстан, Атырау немесе Маңғыстау облысы) орналасқан және/немесе сонда филиалдары бар;
- тарату процесінде тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
- атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ;
- мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрмаған;
- мүлкіне тыйым салынбаған;
- экономикалық қызметі тоқтатылмаған;
- басшылар, құрылтайшылар террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілмеген;
- басшылар, құрылтайшылар тапсырыс берушінің және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылмайтын;
- мемлекеттің және (немесе) мемлекеттік органдардың ұйымның жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы жоқ;
- құрылтайшылар мемлекеттік/квазимемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері болып табылмайтын, сондай-ақ құрылтайшылар мен қызметкерлер арасында саяси маңызы бар адамдар жоқ;
- ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында соттылық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ ұйымның алдыңғы шарттық міндеттемелерін жосықсыз орындау фактілері жоқ.
- Конкурсқа қатысуға келесі өлшемшарттарға жауап беретін өтінімдер жіберіледі:
- Конкурс өткізу туралы ереженің 1.3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жобалардың бағыттарына, Конкурс өткізу туралы ережеде көрсетілген мемлекеттік емес гранттарды іске асыру сомасына, аумағына, мерзімдеріне сәйкестігі;
- Өтінім нысанына және Конкурс өткізу туралы ереженің 3.3-тармағында көрсетілген барлық құжаттардың қосымшасына толық сәйкестігі;
- Операторға Конкурс өткізу туралы ереженің 3.1-тармағында көрсетілген мерзімдерде енгізілуі;
- Операторға толық және дәйекті ақпарат ұсынылуы.
МАҢЫЗДЫ!
- Үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің 2022 жылы «EcoBatys» әлеуметтік жобасы шеңберінде іске асырған жобаларын ұсынуына жол берілмейді.
- Мемлекеттік емес гранттар үкіметтік емес ұйым үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, үкіметтік емес ұйымның кеңсесін жалға алуға, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды көздемейді.
- Бағыттардың әрқайсысы бойынша 1 (бір) іске асыру өңірінде бір үкіметтік емес ұйымнан 1 (бір) ғана өтінім беруге жол беріледі. Бұл ретте 1 (бір) үкіметтік емес ұйымға 1 (бір) жобаны ғана іске асыру үшін тек 1 (бір) грант беріледі.