Жарияланған күні: 03.03.2022
Құрметті достар, 4 наурыз күні сағат 16:00-де ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беруге арналған Сараптамалық комиссияның отырысы өтеді.
Отырысқа сараптама комиссиясының мүшелері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың байқаушылары қатысады.
Мемлекеттік гранттар беру конкурсы 5 бағыт бойынша өтеді:
– білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қолжеткізу;
– азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау
– өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
– отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
– жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету.
Сараптамалық комиссияның отырысы онлайн режимінде Орталықтың Facebook-тегі парақшасында көрсетілетін болады.