Жарияланған күні: 03.05.2022
Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс бөлімдері Қоғамдық дипломатия саласындағы гранттар бағдарламасы аясында жыл сайынғы грантқа өтінімдер қабылдау туралы жариялады.
Байқаудың мақсаты: Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы мәдени, білім беру және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды қолдау.
Ұсынылатын жобалар келесі басым бағыттарға сәйкес келуі тиіс:
- Дезинформацияға қоғамдық тұрақтылықты қолдау
- Демократиялық институттар мен адам құқықтарын қолдау
- Әділ, климатқа бағытталған және тұрақты энергетикалық болашаққа негізделген инклюзивті, әртараптандырылған экономикалық өсуді қолдау
Бір жобаның құны 40,000 долларға дейін болуы мүмкін.
Байқау шарттары: келесі коммерциялық емес қазақстандық және американдық ұйымдар өтінім беруге құқылы:
- Коммерциялық емес ұйымдар
- Азаматтық қоғам / үкіметтік емес ұйымдар
- Аналитикалық орталықтар
- Мемлекеттік және жеке оқу орындары
Өтінім берудің соңғы мерзімі: бірінші мерзім: 2022 жылғы 29 сәуір; екінші мерзім: 2022 жылғы 15 маусым.
Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:
https://www.grants.gov/web/grants/view-opportunity.html?oppId=338747